САРЫСУЛЫҚ АҚСАҚАЛДАР ТҮРКІСТАНҒА БАРДЫ
Ауданының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері түркі әлемінің рухани астанасында болды. Қариялар Ясауи кесенесінен бастап, Керуен сарай, «Түркістан-Арена», «Ұлы дала елі» орталығын, әкімдігін, «Конгресс холл» залын және басқа да Түркістан шаһарынан жаңадан бой көтерген нысандарды аралап көрді. Сондай-ақ, сан ғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесінің өткені мен бүгіні туралы шежіре шертетін музейде болды.
Зейнеткер Түйметай Жаймаев:
-Жалпы, аудандық ардагерлер кеңесі «Туған жеріңді таны» атты тақырыппен 7-8 жылдың көлемінде облыс орталықтарын аралап, көріп жүрміз. Түркістан қаласында жиы сапарға шығамыз. Санаулы уақыттың ішінде қаланың жаңа кейіпке еніп, адам танымастай өзгергеніне таңғалып отырмыз. Киелі мекенге ауданның ардагерлерімен бірге келіп, көруімізге мүмкіндік жасаған аудан әкімдігіне алғысымыз шексіз. Түркістанымыз көркейе берсін! Бүкіл түркі әлемінің рухани орталығы деген аттан мәңгілік айырылмасын,-деді.
Елдің болашағы үшін барын салып аянбай еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіп, оларды ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың борышы.
Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырыс шеңберінде «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» ЗТБ ұйымдастыруымен ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері арнайы ұйымдастырылған сапар аясында жаңарған Түркістанды тамашалап қайтты. Жаңарған Түркістанды тамашалауға келген 10-нан астам ардагерлер – аймақтың, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан білім, мәдениет, ғылым, өндіріс және және басқа да түрлі салаларда жетекшілік еткен білікті қариялар.
Ардагерлемен бірге арнайы медицина қызметкерлері жүрді.