Таразда «Тарихи өлкенің тазалығы» экологиялық акциясы өтті

0

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Тараз қаласындағы «Қазақ хандығы» монументі аумағында «Тарихи өлкенің тазалығы» атты экологиялық акция ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында жастар ресурстық орталықтарының мамандары, еріктілер, жастар ұйымдарының өкілдері және БАҚ қызметкерлері тарихи нысанның аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, жаяу жүргіншілер жолдарын ретке келтіріп, жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарына белсене қатысты.

Бұл игі бастаманың басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, туған өлкенің табиғатына деген жанашырлықты арттыру, жастар арасында экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.

«Таза Қазақстан» – бұл тек сенбілік емес. Бұл – табиғатты аялауға, тарихи-мәдени мұраны құрметтеуге және қоғамдық орындарға жауапкершілікпен қарауға үндейтін маңызды бастама.

Таза қала – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Табиғатты қорғау – бүгіннен басталатын игі іс!

Leave A Reply

Your email address will not be published.