Сапалы білім-саналы ұрпақ кепілі
Жаңа ғасыр асуында Жаңа Қазақстанды құру үшін ең алдымен білімде де саналы ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Өз ұлтына құрметпен, ұлттық салт-дәстүрлерімізге асқан сүйіспеншілікпен қарайтын өскелең ұрпақ – кемел келешегіміз. Жастар Қазақ елінің келер күнгі үміті, сенімі. Ал сол Қазақ елін әлемге танытар ақылды, парасатты, мәдениетті жас ұрпақтың тәрбиесі ең алдымен мектеп қабырғасынан басталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларында балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдап отырды.
Сонымен қатар, балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керектігін атап өткен болатын.
Мереке қарсаңында қаламызда балалардың болашағына бағыт беретін психологиялық — педагогикалық түзету кабинетінің ашылды. Ашылу салтанатына қатысқан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбеков пен аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп,
Алдымызда тұрған жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, әр баланың жүрегіне жол тауып, болашағына сенім ұялату – біздің парызымыз екенін тілге тиек етіп, психологиялық — педагогикалық түзету кабинетінің ұжымына толайым табыс пен шығармашылық шабыт тіледі.
Шараға келген қонақтар балалардың өнерлерін тамашалап, қыл қалам шеберлерінің туындыларын көріп тәнті болды.
Айта кетейік бұл психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті арнайы білім беру ұйымдарының бірі болып табылады және аудандағы даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерге кешенді медициналық – педагогикалық және әлеуметтік – психологиялық көмек көрсету мақсатында құрылған.Мекеменің негізгі іс – әрекетті мен мақсаты аудан тұрғындарына дер кезінде көмек көрсету, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-оқыту мен оңалтудағы толғандырған сұрақтар мен мәселелерді шешуге ықпал етеді.
Жаңа кабинеттің лентасын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмәлі Орымбаев салтанатты жағдайда қиды.
Иә, қаламызда ашылған орталық – қоғамдағы теңдік пен мейірімнің белгісі.Мұнда әр бала махаббат пен сенімге бөленеді.