оқырмандар конференциясы
Аудандық орталық кітапханада аудандық “AMANAT” партиясының Әйелдер қанаты үйлестірушісінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік құндылықтары және ұлттық сана» атты оқырмандар конференциясы өтті.
Шараға “AMANAT” партиясының Әйелдер қанатының мүшелері және ауданымыздың көпбалалы аналары, қоғам белсенділері, Кәсіпкер әйелдері қатысты.
Мерекелік конференция әнұранмен басталып, кітапхана қызметкері Ж.Әбдірахманова Республика күнінің тарихына, оның мазмұны мен маңызына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ аудандық “AMANAT” партиясының Әйелдер қанаты үйлестірушісі, облыстық мәслихат депутаты, аудандық орталық кітапханалар жүйесінің директоры А. Жолмаханова сөз сөйлеп, Республика күнімен құттықтады.
Іс-шара барысында Сарысу ауданы «Этнос» орталығының мүшесі С. Ерғалиевна «Ұлттық сана ұрпақтан ауызбіршілікті, еңбекқорлықты, адамгершілікті, терең білімді, адалдықты талап етеді десе, кітапхана оқырманы А.Жарылқасымова ұлттық құндылықтарымыз жайлы тілге тие кетті.
Іс-шарамыз патриоттық рухты көтеретін өлең шумақтары оқылып, Республика мерекесіне орай А.Серікбайқызы “AMANAT” партиясының құрмет грамотасымен және аудандық орталық кітапхананың директорының Алғыс хаттарымен марапатталып, сый-сияпат ұсынылды.
Шара соңында тәуелсіздігімізді насихаттайтын «Тұғыры биік туған ел» кітап көрмесі ұйымдастырылып насихатталды.