«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ЖОБАСЫ САПАЛЫ ІСКЕ АСУЫ КЕРЕК

0

Кез — келген өркениетті қоғамда заң бекітіліп, қағида берік құрылған. Тәртіп пен құқық тең сақталған жағдайда ғана жүйе сақталған, бағытымыз айқындалған ел боламыз. Заң — ортақ. Құқық – қоғам өмірінің негізі. Заң мен тәртіптің сақталуы адамдардың бейбіт әрі қауіпсіздігінің басты көрінісі. Тәртіп — тыныштық кепілі. Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі – жас ұрпақ, келелі келешек десек, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі — тәртіптің құлы, тәртіпті -елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді»-деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры – тәлім – тәрбие ісінде жатыр.
Осы орайда, Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен іске асып жатқан «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында «Қазақ Сода» ЖШС-і зауытында қызметкерлермен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, аудандық прокуратура мен құқық қорғау органдарының өкілдері және компания өкілдері қатысты. Жиын барысында компанияларда аталмыш жобаның талаптары сақталу қажеттілігі айтылып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесуге қатысушылар сұрақтарын қойып, маңызды мәселелерді жеткізді.

 

АУДАН әкімдігінің
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.