Ақпараттық түсіндіру тобы басқосты

0

Осы аптаның сейсенбісі күні аудандық «Коворкинг» орталығында аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының Жаңа Заңның жариялануына байланысты кездесу өтті.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, енгізілетін өзгерістердің мақсаты мен маңызын кеңінен түсіндірді. Сонымен қатар, жаңа жобада көзделген нормалардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудегі орны туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар ақпараттық түсіндіру тобының алдағы жоспарлары талқыланып, саяси науқанға дайындық барысы пысықталды. Айта кетейік, аудандық мәдениет үйінен ашылған штаб кабинетінде ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Ақпараттық түсіндіру жұмысшы тобы 40 адамнан құралған. Олар 4 топқа бөлініп, жоспарға сай ақпараттандыруды қамтамасыз етеді. Штаб төрағасы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Әділет Ахметжанов штабтың жұмысын үйлестіретін болады.
Шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, мұндай шаралар қоғам арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, мемлекеттік маңызы бар бастамаларды кеңінен насихаттауға бағытталғандығын айтып өтті.

Камели Сүлейменова, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.