Ұлттық құндылықтарды отбасында сіңіру-азаматтық борыш

0

Отбасы әрбір бала үшін құт мекен. Баланың өмірге деген дүниетанымы табиғатқа деген сүйіспеншілігі ең алдымен отбасында қалыптасады. Ата-ана баланың алғашқы тәрбиешісі, ал ұстаз оның білім мен тәрбиесін толықтырып, бағыт-бағдар беретін тұлға. Сондықтан бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығы бір-біріне ауадай қажет.

Өткен аптада Қызылдихан орта мектебінде “Ұлттық құндылықтарды отбасында сіңіру-азаматтық борыш және парасаттылық кұзіреттілігі» тақырыбында Қызылдиқан орта мектебінде ата-аналар форумы өтті.
Аталмыш басқосудың мақсаты мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтып, бала тәрбиесіндегі ортақ жауап­кершілікті бірге сезіну. Бала тәрбиесі ұлттың болашағын қальптастыруда ең маңызды болып есептеледі.
Форумға аудан әкімінің орынбасары Жұмат Сақыпбеков, аудандық прокуратурасының прокуроры Ердәулет Аманбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Каликова, Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұлов қатысты.
Ең әуелі келушілер «Ұлттық дәстүр және ғылыми ізденіс» тақырыбында жас дарындылардың көрмесін тамашалады.
Шарада аудан әкімінің орынбасары Жұмат Жүмабекұлы құттықтау сөз сөйлеп, ұлттық тәрбиенің елдің болашағы үшін маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар, аудан прокуроры Ердәулет Аманбаев, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Айнұр Каликова, аудандық білім бөлімінің басшысы Жуаныш Жарықбасов сөз алып, ұлттық тәрбие туралы сөз қозғады.
Жиында Қызылдихан орта мектебінің директоры Асқан Абилдаев «Ұлт болашағы – саналы ұрпақ қолында» тақырыбында хабарлама жасады.
-Ата-аналар мен педагогтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында семинарлар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, отбасы мен мектеп арасындағы құқықтық мәдениетті нығайту жұмыстары жүргізіліп келеді. Қоғамдық мониторинг және кері байланыс барысында жобаның тиімділігін арттыру үшін ата-аналар мен оқушылар арасында сауалнамалар өткізіліп, ұсыныстар жиналды.
Осы жұмыстардың барлығы жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, заңға бағынушылықты нығайтуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Балалардың құқықтық мәдениетін, жауапкершілігін және заңға деген құрметін қалыптастыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда: әлеуметтік бейнероликтер түсіріледі, сурет байқаулары мен интерактивті және тағыда басқа іс-шаралар өткізіліп келеді.
«Ұлт болашағы – саналы ұрпақ қолында» – бұл жай ғана сөз емес, бұл – әрқайсымызға жүктелген үлкен жауапкершілік.Қай заманда да елдің ертеңін ойлаған дана халқымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Қазақта: «Бала – елдің болашағы» деген дана сөз бар. Демек, бүгінгі бала – ертеңгі ел тағдырын шешетін азамат.
Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы: «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деген.Бұл сөздің астарында терең мән жатыр. Саналы ұрпақ тәрбиелеу – тек мектептің ғана емес, ата-ана мен қоғамның ортақ міндеті.
Саналы ұрпақ деген кім?
Ол – білімді ғана емес, ол – ар-ұяты бар, елін сүйетін, адал еңбек ететін тұлға. Халқымыз тағы да: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп бекер айтпаған.
Бүгінгі таңда жастарға әсер ететін факторлар көп: әлеуметтік желі, ақпарат ағыны, түрлі көзқарастар. Осындай заманда жас ұрпақтың дұрыс бағытта қалыптасуы үшін біз оларға тек білім емес, бағыт беруіміз керек.
Жас ұрпақтың бойына: адалдық­ты, еңбекқорлықты, жауапкершілікті, отансүйгіштікті сіңіру – біздің басты міндетіміз.
Өйткені, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезов сөзі бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.Саналы ұрпақ – елдің тірегі, ұлттың үміті, мемлекеттің болашағы.
Егер біз бүгінгі жасқа дұрыс тәрбие берсек – ертеңгі елдің іргесі берік болады,-деді.
Сонымен қатар, республика­лық, облыстық сайыстарда топ жарған оқушылардың ата — аналарын түрлі номинациялар бойынша марапаттап, арнайы сый-сияпат тапсырды.Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, мектеп өнерпаздары әннен шашу шашып, мың бұрала биледі.
Бұл ата-аналар форумы– құқық­тық мәдениетті қалыптастыру және бала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадамдардың бірі. Форум ұйымдастырушылары алдағы жұмыс күндері осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, балалардың құқықтарын қорғау бағытында кешенді жұмыстар атқарылатынын айтты.

Сәулет ЕСҚАРА, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.