Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың Төтенше жағдайлар Министрлігіне 30 жыл толуына арналған құттықтауы

0

Құрметті Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен сала ардагерлері!
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің құрылғанына — 30 жыл толып отыр.
Құтқарушылардың кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Негізгі міндет-азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл, ең алдымен, ұлттық қауіпсіздік мәселесі.
Төтенше жағдайлар кезінде барлық салалық құрылым жедел әрекет етіп, үйлесімді жұмыс істеуі керек. Төтенше жағдайларға сақадай сай болу — мемлекеттік органдардың ортақ міндеті»,-деп қауіпсіздіктің басты орында болу қажеттігін баса назарға аударған болатын.
Осы ретте, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жолындағы табанды қызмет кезеңі. Ведомствомен бірге оның ержүрек қызметкерлері де есейіп, шыңдалып, өз ісінің кәсіби мамандарына айналды.
Сала қызметкерлері ең жоғары мақсат үшін күн сайын «от пен суға» кіріп, өздерін қауіп-қатерге төндіреді. Осы жылдар ішінде мыңдаған азаматтың өмірі мен денсаулығын сақтап қалды. Олардың арасында балалар мен егде жастағы адамдар бар. 30 жыл — жай ғана күн емес. Бұл барша ел үшін төзімділіктің, күш-қуаттың және үміттің белгісі.
Бүгінде аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінде 40 қызметкер жұмыс жасайды. Қызмет ету барысында 2 техникамен қамтамасыз етілген. Жақында ғана Төтенше жағдайлар Министрлігінің қолдауымен су жаңа қызметтік көлік берілді. Бұл үкімет тарапынан үлкен қолдау.
Сонымен қатар, Тоғызкент ауылдық округінде жаңа өрт сөндіру бекеті тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ашылды. Бұл қауіпсіздіктің алдын алуға жасалған батыл қадам деп білемін.
Сондай-ақ, алдағы уақытта Түркістан ауылдық округіне өрт сөндіру бекетін ашу және Жаңатас қаласында 2 дауысты күшейткіш сирена салу жоспарымызда бар.
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі әркез тұрғындармен етене жақын болып, қауіп қатерді ескертуде жемісті еңбек етіп келеді. Жыл басынан бері «Жер- 2025», «Көктем-2025» сияқты оқу-жаттығулар жүйелі түрде ұйымдастырылып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Құрметті сала мамандары!
Ел басына күн туғанда етігімен су кешкен епті де, батыл мамандардың әрқайсысы өз істерін асқан жауапкершілікпен атқарып жатқаны баршамызға белгілі.
Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Мереке құтты болсын!

Leave A Reply

Your email address will not be published.