Түркістан қаласына саяхат ұйымдастырылды

0

Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (“Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы » ЗТБ) негізінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жаңарған Түркістанға саяхат ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек оларды түрлі шараларға қатыстырып, қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру арқылы позитивті ойлау дағдыларын дамыту, спорттық, мәдени, қоғамдық іс- шараларға қатыстыру.
Түркістанның аты аталса, ең алдымен тарихи орындар, киелі жерлер, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ойға келеді. Сая­хатшылар Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішінде түрлі мағлұматтар алып, көне жәдігер саналатын тайқазанның жанында естелікке суретке түсті. Түркістан қаласының тағы бір көрікті орны «Керуен сарайға» бет алған саяхатшылар, “ Дала Венециясы” ретінде танылып кеткен су арнасының бойымен алып кеме тұрған айдынға барды. Түркі әлемнің рухани астанасы — Түркістан қаласына туристік саяхатымыз жоғары деңгейде өтіп, саяхатшы балдар өздерінің шынайы ризашылықтарын білдіріп, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне алғыстарын білдірді.

 

Ботакөз Макашева,
аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.