Ұстаздың жолы-ұлағат

0

Қазақтың көрнекті ақыны Мағжан Жұмабаевтың: «Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі»-деген сөзі бар. Расында да Ұлы дала ұландарын тәрбиелеп келе жатқан ұлағатты ұстаздарға қандай құрмет көрсетілсе де жарасады. Мұғалім болу мәртебелі міндет болғанымен бұл саланы таңдауға екінің бірінің жүрегі дауаламайды. Өйткені, ұстаз-үлкен парасаттың иесі. Ол шәкірттеріне білім нәрін құя отырып, тұтастай ұлттың ертеңіне қызмет етеді. Мұндайда: «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы»-деген сөз де тектен тек айтылмаған. Білімі мен біліктілігін, талабы мен тәжірибесін, түптеп келгенде барлық саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнайтын педагогтардың жөні бір бөлек.

Бүгінде Сарысу ауданында «Қазақстан Рес­публикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2025-2026 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» Ы.Ал­тын­сарын атындағы Ұлттық білім академия­сының әдістемелік нұсқаулық хаты басшылыққа алына отырып, жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
2025-2026 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтқанда жаңа оқу жылынан білім беру про­це­сіне жаһандық өзгерістерді, халықаралық үздік тәжірибелерді ескере отырып, Қазақстан мектеп­терінде AI элементтерін кезең-кезеңімен енгізуді бастады. AI интеграциясы «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндерінен бастау алады. Бұл бағытта орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары бекітілді. Оқушыларға арналған Day of AI онлайн-курстары, ал педагогтер үшін үш деңгейлі біліктілікті арттыру курстары әзірленді.
Қазіргі таңда білім бөліміне қарасты жалпы 47 мекеме, оның ішінде 26 мектеп, 9 қосымша білім беру ұйымдары, 11 балабақша және 1 Психо­логиялық педагогикалық түзету кабинеті жұмыс жасайды.
Өткен оқу жылында 27 мектепте 562 сынып бойынша 9020 оқушы білім алуды бастады. Дегенмен әртүрлі жағдайларға байланысты оқу жылын 8938 оқушы аяқтады.
Ал жаңа 2025-2026 оқу жылында 1 сыныпқа 764 бала қабылданды.
2024-2025 оқу жылындағы жылдық білім сапасы 71,5 пайызды құрады.
Биылғы оқу жылында 39 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісінің, 26 оқушы үздік аттестат иегері атанды. 2023-2024 оқу жылында 15 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісінің, 36 оқушы үздік аттестат иегері атанған болатын.
2024- 2025 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге 470 мектеп бітіруші 457-і өтініш білдіріп, тестілеуге қатысты. Қатысу көрсеткіші-97,2 пайызды (өткен жылы – 89,5%) құрады. Аудан бойынша орташа балл 72,3 болып қалыптасты. (2024 жыл – 76,4)
Мектеп бітірген 470 түлектің 195-і жоғарғы оқу орнына грантқа түсті.
Бүгінде аудан бойынша барлығы – 1800 педагог жұмыс атқаруда. Мектептерде – 1290 педагог (71,7%) еңбек етсе, қосымша білім беру ұйым­дарда–228 (12,7%), балабақшада – 211 (11,7%), шағын орталықтарда – 59 (3,3%), психоло­гия­лық педаго­гикалық түзету кабинетінде – 12 (0,6%) педагог жұмыс істейді. Оның ішінде 1606-сы (89,2%) жоғары білімді, 194-і (10,8%) арнаулы орта білімді маман. 1093 (60,7%) педагог күндізгі бөлімде оқы­ған болса, 707 (39,3%) педагог сырттай білім алған.
Ескі санат бойынша барлығы – 74 педагог (4,1%) еңбек етуде. Жоғары категориялы – 17 (0,9%), І санатты – 15 (0,8%), ІІ санатты – 42 (2,3%) ма­ман жұмыс істейді. Жаңа категория бойынша барлығы – 1235 (68,6%) педагог қызмет атқарады. Оның ішінде 4 шебер, 333 (18,5%) зерттеуші, 390 (21,6%) сарапшы, 504 (28%) модератор бар.
Санатсыз жүрген педагогтер саны – 491 (27,3%). 2023-2024 оқу жылында 225 педагог-мо­дера­тор, 170 педагог-сарапшы, 137 педагог-зерт­теуші біліктілік санаттары берілді.
«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағида­лары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдан бастап аттестаттаудан өту үшін мемлекеттік қызмет «ҰСТАЗ» платформа арқылы «педагог-модератор», «педагог-сарапшы» біліктілік санатына; «Электрондық үкімет» веб — порталы арқылы «педагог зерттеуші», «педагог-шебер», «үшінші санаттағы басшы», «екінші санаттағы басшы», «бірінші санаттағы басшы», «үшінші санаттағы басшы орынбасары», «екінші санаттағы басшы орынбасары», «бірінші санаттағы басшы орынбасары» біліктілік санатына көрсетіледі.
«Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес пе­дагогтар үш жылда бір рет біліктілігін арттыру курсынан өтуі қажет.
Бүгінгі күнге дейін 1365 педагог (76%) білік­тілікті арттыру курсынан өтсе, 2025 жылға 450 пе­дагогқа біліктілік арттыру курсынан өтуге сұраныс берілді.
Мұғалімнің шеберлігін арттыру – сапалы білім мен тәрбиенің негізі. Мұғалім – ұлт болашағын тәр­биелейтін, қоғамның ең ардақты тұлғасы. Бүгінгі білім мен ғылым саласындағы жаңартылған талаптар педагогтің кәсіби шеберлігін үнемі жетілдіруін, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруін қажет етеді.
Әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыру, сапалы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру негізінде әдістемелік кабинет тарапынан 140 семинар – практикум, 15 дөңгелек үстел, 25 коучингтер, 27 шеберлік сыныптары, 15 әдістемелік десант, 58 вебинар ұйымдастырылды.
2024-2025 оқу жылында педагогтардың жетіс­тік­тері де аз емес. Атап айтқанда республи­калық байқаулардан 35, облыстық байқаудан 30 ұстаз жүлделі орындарды иеленді.
Математика, физика пәні мұғалімдері арасында қашықтықтан өткен республикалық шығар­машылық олимпиада да 38 педагог жүлделі ор­ын­дармен марапатталды. Сонымен қатар 15 ұс­таз республикалық ғылыми жоба байқауы мен «Математикалық лига» олимпиадасында, Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық «Алтын тұғыр» сайысында, «Математикалық регата» математика пән мұғалімдеріне арналған олимпиада да, «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» жас мамандар жарысында, IX Халықаралық шығармашылық конкурста, «Педагогикалық идея», «Үздік жантанушы» бәйгелерінде алдыңғы қатардан көрініп, ауданымыздың абыройын асқақтатты.
2024-2025 оқу жылында оқушылар да аянып қалған жоқ. Талапты да талантты өрендер респуб­ликалық 12 байқауға қатысып, 10-ы жүлделі орынмен марапатталды. Облыстық 32 байқауға қа­тысқан 78 оқушы бірінші, екінші, үшінші дәре­желі орындарды иеленді.
Атап айтсақ, ауыл мектептеріне арналған жалпы республикалық олимпиадасының облыстық ке­зеңіне 22 оқушы қатысып, 9 оқушы бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдарды иеленді.
Сонымен қатар, жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сыныптар арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде 16 оқушы, 5-6 сынып оқушылар арасындағы сайыста 5 оқушы екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталды.
5-сынып оқушыларына арналған «Озық бол» ағылшын және математика пәндерінен облыстық олимпиада да үшінші орын бұйырды. Ал «Алтын сақа» олимпиадасында 3-сыныптар бойынша 6 оқушы жүлдегерлер қатарынан көрінді. «Алтын түлек» олимпиадасында 10-сыныпта оқитын 5 оқушы, «Зерде» зерттеу жобалар конкурсында 7 оқушы, 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасында 1 оқушы марапатталып, мерейімізді үстем етті. «Шексіз өмір» үйде оқитын оқушылар байқауының облыс­тық кезеңінен 1-орын, республикалық кезеңі­нен 2-орынды еншіледі. Бұдан бөлек оқушы­лар «Ма­хамбет оқулары», «Т.Айбергенов оқулары», «Мұ­қағали оқулары» шығармашылық байқау­ларынан, Қ.Бітібаева қазақ тілі олимпиадасынан жүлделі орындармен марапатталды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 20 қыр­күйек күні «Жас толқын» шығармашылық бірлесті­гінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Ба­ла­сағұн» орталық концерт залында Халықара­лық «Балауса жұлдыздары» байқауы өтіп, оған елімізбен қатар Қырғызстан, Өзбекстан Республикаларынан көптеген өнерпаздар қатысқан бо­латын. Осы айтулы додада Сарысу ауданы білім бөлімінің Жаңатас қалалық балалар өнер мек­тебінің Ықылас Дүкенұлы атындағы қазақ ұлт-аспаптар оркестрі топ жарып, Бас жүлде мен 150 000 теңгенің сертификатына ие болды.
Барлық оқушылар грамота, медальдармен, оркестр жетекшісі Н. Байдильдаев Алғыс хатпен марапатталды. Конкурс бағдарламасынан бөлек Қырғызстаннан келген әділқазы мүшелері­нің сұрауы­мен қырғыз композиторы А.Огонбаев­тың «Маш ботой» шығармасын орындап, көрермен­дердің көзайымына айналды.
Бүгінгі білім кеңістігі — ұрпақтың ертеңгі тағдыры мен ел болашағының алтын діңгегі. Бұл тұрғыда әрбір шәкірттің сапалы білім алып, шығармашылық әлеуетін толықтай ашуына барынша жағдай жасау – басты міндетіміз.
Осы жолда тынымсыз тер төгіп келе жатқан барша педагогтер қауымын Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еңбектеріңіз еленіп, ел-жұрттың құрметіне бөлене беріңіздер! Тәрбиелеп өсірген шәкірттеріңіз сенімдеріңізді ақтап, егемен еліміздің тұғырлы тұлғаларының қатарынан көрінсін!

Жуаныш Жарықбасов,
Сарысу ауданы білім
бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.