Құрмет көрсетті

0

Еңбек күнi — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталан­дыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке. Мұндай мереке әр ел­де аталып өтедi. Қазақстанда Еңбек күнi қыркүйектiң соңғы жексенбiсiнде ата­лып өтедi. Елiмiз азаматтардың еңбек­қорлығының арқасында құрылып, дамып келедi. Мемлекет тарапынан жұ­мыс­шы мамандықтары иелеріне әр­дайым жан-жақты қолдау көрсетіліп ке­леді. Өн­дірістегі еңбек жағдайы жақ­сартылып, ондағы үдерістер автомат­тандырылуда. Техникалық білім беру жүйесі реформаланып, кәсіби стандарттар жаңартылуда. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс нығайып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жариялаған «Жұмысшы ма­ман­дығы» жылына орай және Еңбек күні мерекесі аясында аудандық Мансап орталығының қызметкерлері аудан тұрғыны, көпбалалы ана және жеке кәсіпкер Айнұр Исентаеваның шеберханасына арнайы барып, мерекемен құттықтап, адал еңбегі үшін мекеменің атынан Алғыс хат тапсырды.
Айта кетейік жеке кәсіпкер Айнұр Изатуллақызы 30 жыл еңбегін тігін саласына арнап, ауданға еңбегі сінген жан. «Адал еңбек — ардың ісі» дегендей, ауданымызда осындай еселі еңбегімен елге елеулі болған жандардың жұмыстары жемісті бола бергей.

С.Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.