Республикалық турнир

0

Өткен аптада қаладағы спорт кешенінде Сарысу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен футболдан жасөспірімдер арасында Еңбек ардагері Түгелбай Жаманқұловты еске алуға арналған дәстүрлі республикалық ашық турнир өтті.

Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Н.Молдабеков құттықтау сөз сөйлеп, тау кен саласының ар­дагері болған Түгелбай Жаманқұловтың өмір жолына тоқта­лып, барлық командаға сәттілік тіледі.
Мұнан соң футболдан спорт ардагері Бақыт Сарыбаев сөз сөйлеп, жас аяқдопшыларға жігерлендіретін қанатты сөздер ай­тып, мемлекетіміздің жарқын болашағына қызмет етуге шақырды.
Осымен 9-шы рет өтіп жатқан турнирде республиканың түк­пір — түкпірінен сондай — ақ, көршілес Қырғызстан Республикасы және Жамбыл облысының аудандарынан 17 команда бақтарын сынады.
Жарыс нәтижесінде аяқ доп шеберлері бақтарын сынап, өз тәжірибелерін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріну үшін бар күш-жігерлерін салды. Жарыс соңында үздіктер диплом, кубок, медалдармен марапатталды.

С.Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.