Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №61 бұйрығымен бекітілген «Баланы қабылдайтын кәсіби отбасылар туралы ереже» 2025 жылғы 1 шілдеден бастап заңдық күшіне енгізілгенін хабарлайды.
Бүгінгі таңда елімізде отбасына орналастырудың 4 түрі бар: бала асырап алу, қамқоршылық, патронат және кәсіби қабылдаушы отбасы.
Кәсіби қабылдаушы отбасы-бұл арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж төрт баладан аспайтын баланы алдын-ала таңдамай тәрбиелеуге кәсіби қабылдаушы отбасына уақытша орналастырудың бір түрі. Кәсіби қабылдаушы отбасы отыз жасқа толған, бірақ алпыс үш жастан аспаған, қорғаншылар мен қамқоршыларға қойылатын талаптарға сай болатын Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады.
Баланы кәсіби қабылдаушы отбасына қабылдауға ниет білдірген үміткерлер терең психологиялық дайындықтан өтеді. Кәсіби қабылдаушы отбасыларды сүйемелдеуді балаларды қолдау орталықтары атқарады.
Кәсіби қабылдаушы отбасына берілген балалардың тәрбиесі мен күтімін бақылау қорғаншылық органдарына жүктеледі.
Адамдар тұрғылықты жері бойынша органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) егер некеде тұрса, неке қию туралы куәліктің көшірмесі;
4) адамның және егер некеде тұрса, оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» 2015 жылғы 28 тамыздағы №692 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12127 болып тіркелді) бекітілген, адам бала асырап ала алмайтын, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдай алмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес аурулардың жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20665 болып тіркелді) бекітілген нысанға сәйкес наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтамалар;
5) бір адамға кемінде он бес шаршы метр мөлшерінде тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері;
6) ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен емес табыстар туралы анықтама;
7) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;
8. екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу туралы шарттың көшірмесін;
Көрсетілетін қызметті беруші: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекенжайы: Жаңатас қаласы, Жібек жолы көшесі, №31-үй.
Байланыс ақпараты: 8 (726 34) 6-12-16, 8 747 209 20 25.