Тұрғындардың жеке мәселесі тыңдалды

0

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы-бұл ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауына арқау болған бағыттардың бірі. Мемлекет басшысының бұл тұжырымдамасы көптеген мәселеге қозғау салып, қалың ел тарапынан қолдау тауып отыр.

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов тұрғындармен жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар қабылдауда болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан әкімінің орын­басары Жанғозы Жаркенов әр мәселеге жеке тоқталып, заң аясында шешу жол­дарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, жұмыс жүргізі­ле­тін­дігі айтылды. Сонымен қатар, көтерілген мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.

Сәулет Рысбекұлы,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.