Жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

0

«Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы шеңберінде өңірлердегі жергілікті атқарушы органдар ерікті өрт құралымдарын қолдау үшін шалғайдағы елді мекендерде өртке қарсы қорғанысты нығайту жөніндегі шараларды белсенді іске асыруда.

Осы бағытта Тоғызкент ауылдық округінен жаңа өрт сөндіру пункті ашылды.
Республикалық «Ауыл құтқарушы­лары» бағдарламасы аясында салынған бұл маңызды пункт, баршамызды елең еткізбей қоймасы анық. Сонымен қатар «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.
Салтанатты жиынға қатысқан ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек құт­тық­тау сөз сөйлеп, адам жанына араша тү­сер азаматтардың жұмысына табыс тіледі.
Жаңа бекеттің лентасын Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек және ҚР Құрметті депутаты, медицина саласының ардагері, Жаңатас қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев қиды.
Сонымен қатар Тоғызкент ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тө­лен­ді Еркінов сөз алып, осындай игі іс­терге ұйытқы болған Төтенше жағ­дай­лар министрлігіне және облыс бас­шы­лығына алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
Жаңа өрт сөндіру бекетіне төтенше жағдайларға жедел ден қоюға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи жаб­дықтар берілді. Еріктілерге арнайы киім­дер мен жабдықтар жиынтығы табысталды.
Бұл бағдарламаны іске асыру шал­ғайдағы ауылдық елді мекендердегі өрт қауіпсіздігі деңгейін және төтенше жағдайларға ден қоюдың жеделдігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тұрғындар үшін қосымша қауіпсіздік кепілдіктерін жасайды және жергілікті жерлерде азаматтық қорғау жүйесін нығайтады.

Сәулет Есқара,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.