Тазалық жұмыстарына атсалысайық

0

Ауданымызда аудан әкімінің бекіткен қаулысына сәйкес күзгі екі айлық сани­тарлық тазалық жұмыстары басталды.
Халық арасында » Тазалық — денсаулық кепілі»-деп бекер айтылмаса керек. Ал, тазалық десек ойымызда бірнеше ұғым пайда болады. Соның ішінде көше таза­лығы туралы әңгіме қозғалса, тазалық табалдырықтан басталатыны бәрімізге аян. Әрине, табалдырықтан бастау алған тазалық қоғамның гүлденуіне кепіл болатыны жасырын емес.
Үйінің, тұратын жерінің таза болғанын кез келген адам қалайды. Тазалық-адамға керемет көңіл-күй сыйлайтыны белгілі. Мәселен, көше бойлап кетіп бара жатып, жан-жағыңа қараған кезде мұнтаздай таза болса керемет емес пе?! Ал қоқыс жатқанын көрсеңіз, көңіліңіз әп-сәтте бұзылады.
Көше жеке тұрғын үйлерден тұратыны белгілі. Сондықтан да әрбір тұрғын өз көшесін қалт еткенде қолымызға құрал ұстап, қураған тікен шөптерден, арасына ілінген бос қалбырдан тазаласақ, тазалық сақтауды ішкі тұлғалық мәдениетіміздің айқын белгісі екенін ескерсек, санитарлық тазалықты өзімізден бастау керектігін ұғамыз. Өз мекеніміз-сіз бен біздің ортақ үйіміз. Ортақ үйіміздің тазалығы, санитарлық жағдайы бәрімізді алаңдатады.
Құрметті аудан тұрғындары және жаңатастықтар!
Бүгінгі күннен аудан әкімінің бекіткен қаулысына сәйкес күзгі екі айлық сани­тар­лық тазалық жұмыстары басталды. Сенбілік жұмыстарына біркісідей атсалы­суға шақырамыз. Табиғатты аялауға арналған бұл бастамаларға аудан әкімдігінің бөлім қызметкерлері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және кәсіпкерлік саласының өкілдері, жастар белсенді түрде атсалысады. Қоғам болып атқарылатын бұл іс-шараларға тұрғындардың да немқұрайлы қарамай, белсене атсалысуы тиіс.
Сенбілік-бұл жай ғана тазалық шарасы емес, қоғамдағы өзара түсіністік пен ортақ мақсатқа жұмылудың айғағы. Мұндай бастамалар қаланың экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға да зор үлес қосып отырады.

Камели Сүлейменова,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.