Аудандағы өңдеу өнеркәсібі бойынша кәсіпорындар зерделенді

0

Өнеркәсіп саласы-бұл кез келген мемлекет экономикасының маңызды секторы. Ол табиғи шикізатты өндірумен, оны өңдеумен және әртүрлі заттар мен энергияны өндірумен айналысатын кәсіпорындардан, зауыттардан және фабрикалардан тұрады. Өнеркәсіп өнімі ауданның экономикалық дамуына маңызды үлес қосып келеді. Соңғы жылдары ауданның даму динамикасы тұрақты өсімді көрсетуде. Әсіресе, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес, инфрақұрылымдық жобалар бойынша оң өзгерістер көрсетуде. Жаңадан зауыттар бой көтеріп, жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Бүгінгі таңда ауданда өнеркәсіп саласында 15-ке жуық кәсіпорындар жұмыс атқарса, оның ішінде өңдеу өнер­кәсібінде 5 кәсіпорын (Жарас ЖШС, Тараз Көлік жолы ЖШС, Асыл-Тұз ЖШС, Интеррин ЖШС, Мухамедия ЖШС) жұ­мыс жасайды. «KAZCHEMTRAIDING» ЖШС цемент шығару өндірісінің құры­лыс жұмыстарының аяқталуы күтілуде.
Осы орайда, аудан әкімі С.Мамытов өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарының тыныс-тіршілігімен танысып, мәселе­лерін жіті талқылап, бақылауға алынды. Өңдеу өнеркәсіп саласының ау­дан­ға қосар үлесі зор екенін айтып, ал­да­ғы жұмыстарына сәттілік тіледі. Аудан­да өнеркәсіп өнімінің көлемінде айтар­­лықтай өзгеріс байқалған. Мәсе­лен, 2025 жылдың 7 айының қорытын­дысымен өнеркәсіптік өнім (тауар, қыз­мет) өндірісінің көлемі көлемі 71,9 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 101,6 пайызға көтеріл­ген. Сонымен қатар, өңірдің әлеуетін арттыруға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді. Аудан халқының тұрмыс сапасын жақсарту ба­ғы­тындағы жұмыстар да алдағы уа­қытта да жалғасын таба бермек.

Аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.