Кітап-рухани қазына

0

Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне «Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы және де «Кітап сыйлау акциясы» аясында Құдайберген Мәмбетовтың «Абзал жанды арда азамат» атты кітабы кітапхана қорына тарту етілді.

Бұл игі еңбекті қазақтың ардақты азаматы Ералиев Шынайдар Бекұзақұлының жан жолдасы Халипа Айтжанқызы Мұсаева өз қолымен сыйға тартып, жас ұрпаққа өнеге болсын деген ізгі ниетін білдірді.
Кітапта қазақтың ардақты азаматы Ералиев Шынайдар Бекұзақұлының өнегелі өмір жолы, ел алдындағы еңбегі мен тағылымды ғибраттары қамтылған. Кітап жас ұрпақты адалдық, еңбек­қорлық пен ізгілікті үлгі етуге шақырады.
Сонымен қатар кітапта анасы Сәлима Айтжан­қызының өсиет-өлеңдері арқылы жас ұрпаққа ба­ғытталған тәрбиелік мәнді ойлар қамтылған.
«Жетім көрсең жебей жүр» тақырыбы аясында халқымыздың ізгі дәстүрлері дәріптелген. Жастарға үлгі боларлық еңбекқорлық пен адамгершілік қасиеттері кеңінен көрсетілген.
«Абзал жанды арда азамат» кітабы-тәрбиелік, өнегелік мәні зор, кейінгі буынға ата-баба аманатын жеткізетін құнды туынды. Кітап сыйлау акциясы барысында аталған еңбек кітапхана қорына тарту етілді. Кітапханаға тарту етілген әрбір еңбек – болашаққа қалдырылған асыл мұра!

Аяулым Досаева,
аудандық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесі
директорының орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.