Қарты бар үйдің-қазынасы бар
«Қарты бар үйдің-қазынасы бар»,-деп дана халқымыз айтқандай, үйінде қариясы бар жанұя-шынында да қазыналы, берекелі жанұя. «Ақсақалы сиреген ауылдан ар-иман қашады»,- деген қанатты сөздер бар. Өйткені кез келген қазақ шаңырағындағы ата-ана өз баласын үлкендерді сыйлауға тәрбиелейтіні ақиқат.
Осы аптада Жастар ресурстық орталығының директоры Мадина Прімбек бастаған бірқатар жастар Тоғызкент ауылының тұрғыны, ардақты қариямыз Мәдіғұл Қошмағанбетов атамыздың шаңырағына арнайы барып, хал-жағдайын біліп қайтты.
«Қариямен жолдас болсаң, дана боларсың» дегендей, сонау алыс замандардан қарттарын төбеге көтеріп, төрден орын беріп, қастерлеген халықпыз. Қария-ағып жатқан дария іспеттес. Қарияларымыздың ақылы мен тәлім-тәрбиесінің орны әрдайым бөлек болмақ. Жасы үлкенге құрмет көрсету, айтқан ақылын екі етпеу- бұрыннан келе жатқан дәстүріміз. Қарияларымыздың алдынан кесе өтпей, үнемі тек төрге шығарған. Айтшылап қонақ болып қалса, бар дәмдісін аямай, барынша көңілін күткен. Аталарымыздың бір ауыз ақылын есту үшін сонау алыстан келіп, айтқанын екі етпеген. Сол заманда көрсетілген құрметті қазіргі күнге жеткен «Үлкеннің жолын кеспе!»,»Үлкеннің сөзін бөлме!» деген сынды тыйымдардан-ақ байқауға болады. Бұл сөздерді әлі күнге дейін өскелең ұрпақтың құлағына құюдамыз.
Сәулет Есқара,
«Sarysý»