Этносаралық татулық талқыланды

0

Өткен аптада аудан әкімінің орынбасары Е. Ермағанбетовтың төрағалығымен «Qazaqsoda» ЖШС-інде этносаралық негіздегі даулы жағдай туындау ықтималдығы бар ауыл, мекеме (мектеп, аурухана) және кәсіпорындардың бірінші басшыларына қолданыстағы алгоритмді оқыту семинары өтті.

Семинарға «Qazaqsoda» ЖШС-нің өкілдері, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Роллан Қуанышбаев, аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Тлеубаев, «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Сарысу ауданы бойынша ман­саптық орталық филиалының директоры Данияр Омар және аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мамандары қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Сарысу ауданы бойынша электрондық еңбек биржасындағы жобалардың іске асырылу барысы және бос жұмыс орындарын орналастыру туралы» «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының директоры Данияр Омар баяндама жасады.
Хабарламашыға қатысушылар тарапынан сұрақтар қойы­лып, тиісті жауаптар алды.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Дайрабайұлы этносаралық тұтастықты сақтаудың маңызды­лығын айтып, ұлтаралық татулықты нығайтудың жолдарын ұсынды. Сондай — ақ, аудандағы кәсіпорын өкілдеріне жұмыс­қа аудан тұрғындарын орналастыруда өзге этнос өкілдерін де назардан тыс қалдырмау керектігін жеткізді.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.