Қоғамдық кеңес жаңа әлеуметтік-қоғамдық институт

0

Еліміздегі жаңа саяси бағыт бойынша қоғамдық ұйымдарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Осыған орай қоғамдық ұйымдардың белсенділігі артып, ел дамуына қосар үлесі де артып келеді. Елімізде азаматтық белсенділікті жандандыру, мемлекет пен қоғамның саналы серіктестігіне жол ашу мақсатында Қоғамдық кеңестер құрылған болатын. Қоғамдық кеңестер-мемлекет қабылдайтын шешімдердің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші, әрі бақылаушы органға айналуы тиіс.

Қоғамдық кеңестердің негізгі міндеті ол-азаматтық қоғамның маңызы бар мәсе­ле­лері бойынша пікір білдіру. Қоғамдық кеңестердің орасан зор әлеуетке ие екенін Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа жолдауында айтқан болатын.
Қоғамдық кеңес мүшелері алдында ауданымыздың алымды аяқ алысы, актуальды проблемасы назарда тұрады.
2025 жылдың 7 сәуір айында «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР-ның Заңына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 наурыздағы №10-1-18 өкімімен Сарысу ауданының Қоғамдық кеңесі жаңа құраммен жасақталды. Сарысу аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы болып, Қырғызбаев Сахарай Бөгенбайұлы тағайындалды. Қоғамдық кеңестің жанындағы комиссиялар құрылып, 11-адам мүшелікке қабылданды. Сарысу аудандық Қоғамдық кеңесінің жылдық жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Қоғамдық кеңестің құрылғаннан бері атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып өтсек.
Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту және ішкі саясат бөлімдерінің функционалдық міндеттерінің орындалуы және Ұлы Жеңістің 80 жылдығын атап өтуге дайындалу және мерекелеу туралы есебі тыңдалды. Аталған бөлімдердің есептеріне баға беріп, бірқатар тапсырмалар жүктеді. ҚР-ның нормативтік актілерін басшылыққа алып, тұрақты жұмыстар жүргізу тапсырылды. Аудан әкімдігінің экономика бөлімінің бюджет және бекітілген индикаторлық көрсеткіштер бойынша есебі қаралды. Тыңдау барысында біршама ұсыныстар айтылды. Байқадам, Игілік ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есебі және ақылы қызмет түрлері бойынша түскен қаражаттар, оның орындалуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі мәселелер қаралып, атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп танылды.
Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің нысаналы индикаторға қол жеткізу бағытындағы атқарып жатқан жұмыстарының есебі қаралды.
Жаңатас қаласы әкімінің моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстары, жоспарлары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жөніндегі мәселелер туралы есептері тыңдалды.
18 маусым күні Қоғамдық мониторинг жүргізілді. Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында жұмысшы топ құрамы Сарысу ауданына іссапармен келді. Мониторинг топ құрамында облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап кітапханасының директоры, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Эльмира Абдинова, облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері Гүлстан Ертагина және Пернебек Оспанов және комитет мүшесі Есен Рымқұлов бар. Жұмысшы топты аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов және ҚК-тің төрағасы С.Қырғызбаев бастап күтіп алып, жоспарға сәйкес нысандар мен белдеулерге атқарылған жұмыстармен таныстырды.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық эко бақылау» республикалық акциясын Жамбыл облысы бойынша ұйымдастыру мақсатында атқаратын іс-шаралар жоспары жасалынып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жалғасуда. Сенбіліктерге сарысулықтар белсенді атсалысып келеді.«Таза Қазақстан» акциясы еліміздің тазалығына қамқорлық жасаудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Сондықтан тазалық жұмыстарын жұрт болып жұмылып, жүзеге асыруымыз маңызды.
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды. Бүгінде бұл шараға ерікті жастар мен белсенді студенттер ғана емес түрлі мекеме қызметкерлері мен ардагерлер де атсалысуда. Басты мақсат-қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Қырғызбаев өз сөзінде:
-Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан»экологиялық акциясы туралы айтты. Ол елімізде көктемнен бастап «Таза Қазақстан»жалпыұлттық экологиялық акциясы өтіп жатқанын еске салды. Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам-адал еңбек-адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау. Бұл, Президент атап өткендей, «Уақытша акция емес, бұл маңызды жоба жыл бойы жалғасуы тиіс. Қоғамдық кеңес мүшелерімен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы ұйымдастырылып, туристік және тарихи-объектілерінің аумақтарына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Абаттандыру мәселелеріне, оның ішінде стихиялық қоқыс орындары, жасыл желектерді суару, оларға күтім жасауға қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Жер қойнауын пайдалану ісі бойынша ауданымыздағы ірі кәсіпорындарға мониторинг жүргізілді. Мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі-қоғамдық кеңестің ауқымын кеңейтіп, қоғамдағы рөлін нығайту. Өңірлерде Азаматтық қоғамды дамытып, олардың әлеуетін кеңейту маңызды болып отыр.
Еліміздегі жаңа саяси бағыт бойынша қоғамдық ұйымдарға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру- уақыт талабы. Осыған орай қоғамдық ұйымдардың белсенділігі артып, ел дамуына сүбелі үлесін қосып келеді,-деді.
Дана халқымызда: «Халықтан үлкен емессің» деген қанатты сөз бар. Біз бірге — халық және билік бірігіп, ақылдасып, түйткілді мәселелерді шешуде парасаттылық танытып отырсақ, еліміз гүлденген үстіне гүлдене бермек.

Сәулет Есқара, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.