Ауыл шаруашылығы санағы – агросаланың нақты келбетін анықтайтын маңызды қадам

0

Ауыл шаруашылығы – еліміздің экономикалық тұрақтылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің негіз­гі тірегі. Мемлекетіміздің аграрлық секторы жылдан-жылға дамып, жаңа технологиялармен жаб­дық­талуда. Дегенмен бұл саланың даму бағы­тын нақты жоспарлау үшін шынайы әрі толық мәлімет­тер қажет. Осы мақсатта елімізде ауыл шаруашы­лығы санағы жүргізілуде.
Ауыл шаруашылығы санағы – бұл тек статис­тикалық шара емес, бұл – ауыл экономикасының бүгінгі жай-күйін зерделеп, ертеңгі күнге нақ­ты жоспар құрудың негізі. Санау арқылы біз егістік жерлердің көлемін, мал басының санын, ауыл шаруашылығы техникасы мен еңбек ресурс­тары­ның ахуалын толық біле аламыз. Мұндай мәлі­меттер алдағы аграрлық саясатты тиімді құруға септігін тигізеді.
Ауданымызда бұл маңызды шараға дайындық қызу жүріп жатыр. Арнайы оқытылған санақшылар ауылдарды аралап, қажетті мәліметтерді жинақ­тауда. Санақ барысында әр шаруа қожалығы мен жеке қосалқы шаруашылықтар назардан тыс қалмайды.
Бүгінгі күні цифрландыру заманы екенін ескере отырып, мәліметтерді жинау процесі заманауи технологиялар көмегімен жүзеге асырылуда. Бұл өз кезегінде ақпараттың дұрыстығы мен өңделу жылдамдығын қамтамасыз етеді.
Осы ретте аудан тұрғындарына, әсіресе ауыл еңбеккерлеріне айтарымыз: санақшылардың жұмысына түсіністікпен қарап, толық және шынайы ақпарат беруге белсенді атсалысуларыңызды сұраймыз. Сіздің берген әрбір ақпаратыңыз – ауданымыздың агроөнеркәсіптік әлеуетін дамыту жолындағы маңызды қадам екенін ұмытпаған жөн.
Ауыл шаруашылығы санағы – барды бағалау, кем-кетікті түгендеу, болашаққа бағыт алу. Осыны ескере отырып, баршаңызды ортақ іске жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

Н. Молдабеков,
аудан әкімінің орынбасары

Leave A Reply

Your email address will not be published.