ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІКТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0

Апта басында облыс орталығында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, атқарылған жұмыстарды талқылап, алдағы міндеттер туралы айтты.
Мереке аясында облыс басшысы аудандық ветеринария бөліміне 5 «Нива» және аудандық орман шаруашылығы бөліміне 3 «Хайлюкс» автокөліктерін табыстады.
Сондай-ақ салтанатты шарада аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Ақылбек Оспанов соңғы жылдары салаға көрсетіліп отырған қолдауға тоқталды.
– Соңғы жылдары облыста ветеринария саласының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыс басшылығына алғысымыз шексіз. Бүгінде Сарысу ауданындағы ветеринарлар толық автокөлікпен қамтылды. Бұл қызмет сапасының артуына зор ықпал ететіні анық, – деді бөлім басшысы. Айта кету керек, көліктер қазіргі заманғы стандарттарға сай келеді. Бейне құрылғылармен және басқа да қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

С. РЫСБЕКҰЛЫ, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.