Ел болып оқимыз

0

Сарысу аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ел болып оқимыз» жобасы аясында Мәдениет скверінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Қазақтың батыр қыздары» атты ауызша журнал кең көлемде өтті.

Іс-шараның мақсаты оқырмандарға Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздарының ерлігін насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Іс-шара барысында жүргізуші мен кітапхана қызметкерлері А.Жанбекова, Г.Қошаева, Ж.Әбдірахманова -Шығыстың батыр қыздары атанған батырлықтың, қайсарлықтың символына айналған Әлия, Мәншүк, Хиуаз апаларымыздың өмірі мен майдандағы ерліктерінен мағлұмат беріп өтті, Б.Тәжібаевтың сөзіне жазылған С.Бәйтерековтың әнін кітапхана қызметкері А.Қойлыбекова «Әлия» әнін әуелете шырқап, көрермендер мен оқырмандардың жүректерін тебірентті, көздеріне жас алған көрермендер де болды. М.Ерімбетовтың сөзіне жазылған «Әлия мен Мәншүкке»- арнауын кітапхананың тұрақты оқырманы А.Нұрмахан мәнерлеп оқып берді.
Кітапхана қызметкері А.Қойлыбекова «Менің Қазағым» әнін әуелете шырқап көрермендердің көңілінен шықты. Кітапхана қызметкерлері Г.Қошаева А.Бақ­тыгерееваның «Мәншүк», Т.Тұрғынбекова «Хиуаз-Көк тәңірінің қызы», А.Қой­лыбаева «Бейбітшілік Мәңгі сақталады» өлеңдерін мәнерлеп, нақыштарына келтіріп оқып берді.
«Қазақтың батыр қыздары» атты көрмесіне кітапхана қызметкері Ж.Рахым­жанова библиографиялық шолу жасады.
Көрмеден Ұлы Отан соғысы туралы, Шығыстың батыр қыздары туралы әде­биеттер, анықтамалықтар, дәйекті сөздер, қазақтың батыр қыздарының порт­реттері орын алды.
Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова қала тұрғындарын кітап оқуға шақырып, біздің болашағымыз кішкентай бүлдіршіндерге тәттілер үлестірді.

«Sarysý-ақпарат»

Leave A Reply

Your email address will not be published.