Ортақ мақсат оңға бастайды

0

Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың халықпен дәстүрлі есептік кездесуі Байқадам ауылдық округінде жалғасты. Жиын барысында аудан басшысы ауылдың қазіргі жағдайын саралап, келешекте жүзеге асырылатын жұмыстар жайында баяндама жасады.

Аудан әкімінің айтуынша, Саудакент ауылдық округінде әлеуметтік-эко­но­микалық дамудың оң динами­касы қа­лыптасқан. Бірқатар инфра­құры­лымдық және қоғамдық маңызы бар жобалар іске асырылып жатыр.
Атап айтқанда, ауылдағы өрт сөн­діру ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның шатыры толықтай жаңартылып, өрт сөндіру көліктеріне арналған бокс салынып, ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктері жөнделіп жатыр. Бұл — ауыл қауіпсіздігі үшін аса маңызды қадамдардың бірі.
Сонымен қатар, Сұлтанғазиев кө­шесіне ақпараттық-танымдық материалдар мен жарнама орналастыруға арналған заманауи LED экран орнатылды. Бұл құрылғы жергілікті халықты жедел ақпараттандыру мен қоғамдық хабарламаларды таратуда маңызды рөл атқарады.
Су тасқынының алдын алу және ауыл көшелерінің санитарлық тазалы­ғын жақ­сарту мақсатында Сұлтанға­зиев кө­ше­сіндегі мектепке дейінгі 172 метр ұзын­дықтағы су ағатын лоток жаңартылды. Бұл жоба көктемгі су тасқыны кезінде судың кедер­гі­сіз ағуын қамтамасыз етіп, жасыл желектер мен ағаштарды тұ­­рақ­­ты суаруға мүмкіндік береді.
Ауыл­­­­да­ғы тағы бір маңызды жоба — Тұрар Рыс­­­құлов көшесінде волейбол және баскетбол алаңшасының салынуы. Жаңа спорт­тық нысан ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың бұқаралық спортпен айналы­суына жағдай жасап отыр.
Саудакент ауылының батыс бөлі­гін­де, Сармолдаев көшесінде, ауыл шар­уашылығы саласына қажетті жаңа нысандардың құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, ветеринарлық пункт, мал емдеуге арналған орын және тоғытпа бой көтеріп жатыр. Бұл кешен ауылдағы мал шаруашылығының дамуына септігін тигізбек.
Кездесу барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып жүрген бірқатар ардагерлерді марапаттады. Бұл игі дәстүр ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ардагерлердің еңбегін елеп-ескерудің жарқын көрінісі болды.
Саудакент ауылындағы жүйелі жұ­мыстар – аудан әкімдігі тарапынан жасалып жатқан нақты қолдаудың нәтижесі. Ауылдағы оң өзгерістер – халықтың өмір сүру сапасын арттырып, елді ме­кен­нің көркіне көрік қосары сөзсіз.
Байып­ты басқосу ел мен жерге шынайы жанашырлықпен қараудың мән-маңызын тағы бір мәрте аңғартты. Ал­дағы уақытта да мұндай кездесулер ауыл өмірінің көкейкесті мәселелерін ше­шуге бағытталып, халық пен билік ара­сындағы байланысты нығайта бермек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.