Ұсыныс-пікірлер ортаға салынды

0

Апта ішінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен Сарысу ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы және «Мерейлі отбасы -әділетті қоғам» акциясы аясында кездесу өтті.

Жиынға Сарысу ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық — демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, ауылдық округ әкімдері, аудандық ақсақалдар, аналар алқасы және дін өкілі қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қанат Тлеубаев «Көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі әйелдерге көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар туралы» хабарлама жасады.
Одан кейін «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зом­бы­лық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сарысу аудандық кеңес беру кабинетінің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы Қанағат Баккулиеваның «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері мен күресу шаралар туралы» есебі тыңдалды.
Басқосуда «Еңбек мобильдігі орталығы» КММ-нің Сарысу ауданы бойынша мансаптық орталық филиалының директоры Данияр Омар «Қайтарымсыз мемлекеттік грантқа және несиеге аудандағы әйел азаматшалардың үлесі туралы. Жұмыссыз әйел азаматшалардың саны мен бос жұмысқа орналастыру бойынша атқарылған жұмыстар жайлы» жан-жақты тоқталып өтті.
Сондай-ақ аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Салимова «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жүзеге асырылған жобалардың есебі бойынша» баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталды.
Жиын барысында қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер ортаға салынып, көтерілген мәселелер хаттамаға енгізілді.

С.Рысбекұлы,
«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.