Аудандық турнир
Аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуды ұйымдастыру және жүзеге асыру» жобасы аясында азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Бұқаралық спорт» түрлерінен аудандық жарыс өткізілді.
Байрақты бәсекеге салауатты өмір салтын ұстанып жүрген пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар қатысты.
Қатысушылар спорттың ләңгі тебу, гір тасын көтеру, қол күрес, асық ату және кермеге тартылу(турник) бойынша сынға түсті.
Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан дипломмен, медальдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Sarysý-ақпарат»