Түсіндіру жұмыстары жүргізілді

0

Апта ішінде Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерде балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алу мақсатында ауқымды профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ата-аналарға ұсынылады:
• Балаларды терезе маңында қа­рау­сыз қалдырмаңыз;
• Москит торлары қауіпсіздік құра­лы емес екенін есте сақтаңыз;
• Терезелерге қауіпсіздік блокира­торлары мен арнайы тұтқалар орна­тыңыз;
•Терезе алдына жиһаз қойма­ңыз-ол балалардың терезеге шығуына мүм­кіндік береді.
Бұл іс-шараның мақсаты-ата-ана­лар мен тұрғындардың назарын ба­ла­лардың өмірі мен қауіпсіздігіне ау­дару. Осындай алдын алу шаралары-балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды қадамдарының бірі.

М.Прімбек,
«Жастар ресурстық орталығының» директоры

Leave A Reply

Your email address will not be published.