Елорда — мақтанышымыз

0

Маусым айында біз отбасымызбен Астанада болдық. Достарымыз қарсы алып, бас қаламызды бірге қыдырдық.

Астананың архитектурасы мені таңқалдырды, не деген үйлер! Конресс- холл, Бәйтерек, тағы да көптеген монументтер. Астана қаласы Есіл өзенінің бойында орналасқан. Біз кемеге отырып Есіл бойымен серуендедік. Келесі күні біз «Думан» центрінде болдық. Оның ішінде көптеген қызықты ойын-сауық кешендері бар. «Океанариум»-таңғажайып мұхит әлемі, балықтың сан алуан түрлері бар. Маған ұнағаны ақ акула, үлкен тасбақалар. Ал «Джунгли» атты шоуда өткен дәуіріміздегі динозаврлар, крокодилдер, кинодағы Кинг-конгта бар. Менің Астанаға барған сая­хатым осындай. Елордамыз әлемдік қартада өзіндік ерекше орны бар, қайталанбас тарихы мен мәдениеті бар астана ретінде танылған.
Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады.

Айымкүл Дәулеталиева,
Жаңатас қаласы

Leave A Reply

Your email address will not be published.