Кешегі бабалар арманының бүгінгі айшықты келбеті
Арқаның аңызға толы төсінде ақиқатқа айналған армандар салтанат құрып, ізгі мұратымыздың жұлдызы жарқыраған күнді жыл сайын дәстүрлі түрде үлкен тойға айналдырып келеміз. Астана бұл күнде-еліміздің саяси орталығы ғана емес, ұлт мәдениеті мен әдебиетінің де жаңа дәуірге қанат қағып, рухани жаңғыру белесіндегі маңызды қадамдарының алтын ошағына айналды. Мұндағы әрбір қаламгердің шығармашылығының бір ұшында Астананың тәуекелді сәттермен тоғысқан тағдыры, берекелі істермен биіктеген тұғыры жатыр. Сайын даланың төсіндегі жауқазын-қаланың жүрегін астаналық ақындар жалынды жырымен, ыстық сезімімен жылытып келеді. Олар үшін астаналық әрбір мезгіл келбеті өлеңнің сиясы төгілген аяулы уақыт парағы іспеттес…
Елімізде кереметтей қала бар. Сан-түрлі арман-қияға қанат қақтырып, сан-қилы тағдырларды тоғыстырған көркем қала. Ол сұлулықтың символы іспеттес, елдің жүрегі болған бас қала – Астана. Бұл мерекенің тарихи, танымдық, тәрбиелік тұрғыдан мәні зор.«Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды.
Біз отбасымызбен- әкем, анам, жұбайым және балаларыммен Астана қаласына қыдырып бардық. Ата-анама қатты ұнады. Аспанмен үндескен биік ғимараттар, ерке Есіл өзені айта берсем сөз жетпейді. Балаларымның да қуанышында шек болмады.
Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды. Біздің елордамыз Отанымыздың жүрегі, халықтың өз күшіне сенімі мен ұлы тағдыр-талайының символы болып табылады. Еліміз, Елордамыз гүлденіп, жайнай берсін.
Нұрдәулет Абутәлип,
қала тұрғыны