Еліміздің жүрегі

0

Жаз айы келіп, бала-шағамды қыдырту үшін жыл сайын Астана қаласына барамын.

Ол жерде балаларым мені аяғымды жерге тигізбей күтіп алып, асты — үстіме түсіп, бәйек болып жүреді. Әр барғанымда бас қаламыз түрлі күйге еніп ажарлана түсуде. Жаңа ғимараттар бой көтеріп, биіктерге ұмтылады. Тіпті әлемдік деңгейдегі күмбезді мешіт пен түрлі Халықаралық дәрежедегі жиын өтетін салтанат сарайлары қаланың көркін аша түскендей әсер қалдырады. Осындай Тәуелсіз еліміздің айнасы — нұрлы Астанамыздың қарыштап дамуы алдымен Президентіміздің арқасы деп білемін. Мұнда жанға жайлының бәрі бар.
Елордамыз достық пен татулық ордасы. Меніңше, Астана орталық ретінде еліміздің басқа өңірлерінің дамуына да сергек серпін беріп келеді. Елордамыз жаңарып, әсем көркем бола түскен сайын, жан-жағымызға қарап, көрсек көзіміз тоймай, өзімізде құлпыра түскендейміз…
Еңселі Елордамыз бейбіт күннің жаршысындай биіктерге самғауда.
Астана — елдіктің қаласы. Қаншама үміт пен үрейдің арасында жүріп нық сенімнің арқасында армандар орындалған қастерлі қала. Ендеше, кемел келешектің іргетасына айналған ару қаламыздың ғұмыры ұзақ болсын! Астана тойы-бүкіл еліміздің қуаныш тойы! Жайнай бер, жайқала бер, мерейің асқақтай берсін, біздің сүйікті Астана!

Фатима Есенбаева,
зейнеткер

Leave A Reply

Your email address will not be published.