Тұрғындардың ұсыныстарын тыңдады

0

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында мемлекеттік органдар алдына маңызды міндеттер қойды. Соның бірі- тұрғындардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару, тұрғындармен кері байланыс орнату. Яғни, халықтың қажеттілігіне уақытында шұғыл көңіл бөлу, ашықтық, диалогқа дайын болу мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдығы болуы керектігін баса айтты. Осыған орай өткен аптада аудан әкімі Сәкен Мамытов «Amanat» партиясының аудандық филиалында азаматтарға жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар түрлі мәселелер бойынша өтініштерін білдірді. Басым бөлігі тұрғын үй, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу сынды сұрақтарын қойды. Келушілердің ұсыныс-пікірлері мен өтініш-сауалдары жауапты мамандар тарапынан жан-жақты қарастырылды.

Тұрғындардың тілегін тыңдаған аудан басшысы көтерілген мәселелер бойынша Заң аясында жауап беріп, әрбір мәселенің себеп-салдары жіті зерттеліп, заң аясында шешілу жолдарын айтты. Қойылған кейбір сұрақтар бойынша түсіндірмені мамандар сол жерде берді. Сондай-ақ бірқатарының шешілу жолдары да көрсетілді.

Қабылдауда оң шешімін тапқан мәселе бір азамат тұрақты жұмысқа орналасатын болды. Аталмыш тұрғын мәселенің оң шешілгеніне аудан әкіміне алғысын білдірді.

Самат Тоқбанов,
«Amanat» партиясы аудандық
филиалының консультанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.