АУДАН ӘКІМІ С.МАМЫТОВТЫҢ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫН 1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ БІРЛІГІ КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

0

Қымбатты жерлестер!

Қадірменді сарысулықтар!

Достығы мен бірлігі жарасқан көпұлтты аудан жұртшылығын 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл  мерекенің барша қазақстандықтар үшін маңызы айырықша. Өйткені, бұл күн – біздің ынтымағымыз бен татулығымызды, бірлігіміз бен берекемізді, бейбітшілігіміз бен тұрақтылығымызды паш ететін ерекше күн. Ал, достықты ту, жақындықты жалау еткен еліміздегі ел бірлігі – ең асыл қасиет! Сондықтан да, бірлік мерекесі көпұлтты халқымызды етене жақындастыра түсетін тағылымы мол, мертебесі биік мейрам.

Бүгінде ел егемендігімен қатар жаңа сипатқа, терең мазмұнға ие болған бұл мерейлі мерекенің өзіндік жарасымды дәстүрі қалыптасты. Өйткені, бұл мереке – көктем мен еңбектің, татулық пен ынтымақтың, келісім мен бірліктің, еңсесі биік елдік пен іргесі сөгілмеген тұтастықтың айғағы болған мерейлі мереке!

Бірлікті бағалап, татулықты қадірлеген дана Төле би бабамыз заманында «Берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле!» деп артында аталы сөз қалдырған екен. Ал, бүгінде көпұлтты мемлекетімізде халықтар достығының мәні артып, мағынасы тереңдей түсуде. Қазіргі таңда елімізді мекен еткен 100-ден астам достықты мұрат еткен этнос өкілдері киелі елде, қасиетті жерде тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүруде. Ал, біздің ең басты мақсатымыз осы береке мен бірліктің, татулық пен ынтымақтың берік дәстүріне сызат түсірмей, оны  лайықты жалғастыру болып табылады. Шын мәнінде еліміздің ең басты байлығы ұлт бірлігінде екені уақыт пен заман ақиқаты. Сондықтан да, еліміздің әрбір азаматы туған Отанының тағдырына үлкен жауапкершілікпен қарап, бейбітшілік пен татулықты сақтауға бар ынта-жігері мен күш-қайратын жұмсауға міндетті деп ойлаймын! Өйткені, біздің болашағы жарқын бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан!

Сарысу ауданының барша халқы да осы татулық пен бірлікті дамытуда мемлекеттік саясат пен ұлттық идеология құндылықтарына адал пейілін, таза көңілін танытып отырған қастерлі өңір. Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай ауданымыздың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене атсалысып жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының  мүшелері мен этномәдени орталықтар өкілдерінің белсенді позицияларын ерекше атап өткім келеді. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жарасымды жалғасын тауып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, ынтымақ пен бірлік мәңгі жасай берсін!

Көпұлтты Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!  Ұлтаралық достық пен ынтымақтың мәртебесі биік болсын! Сіздерге денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Бірлік пен татулық мерекесі

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді халқымыздың досты-ғының ұлы мейрамы 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бірліктің жарқын және қуанышты мейрамы халқымыздың игі дәстүріне айналды.

Біздің көп ұлтты қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісімге берілетін зор маңызға баса назар аударатын еліміздегі аса маңызды мерекелердің бірі, бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі. Бірлік – еліміздегі саяси-экономикалық тұрақтылықтың басты әрі негізгі кепілі. Біздің тәуелсіздігіміздің тарихы — Қазақстан халқының тұрақтылығы, достығы мен келісімінің тарихы. Бүгінгі таңда бейбітшілік пен тұрақтылық — мемлекеттілігіміздің негіздерінің бірі, басты байлығымыз бен игілігіміз.

Елімізде барлық этностардың мүдделері нығайып, олардың ұлтына қарамастан құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталуда.

Түрлі этностардың өкілдері Рес-публикамызды өз Отаны деп санайды және бізде бар бейбітшілік пен бірлікті мақтан тұтады. Берекелі шаңырағымызда топтасқан этнос-тар қашанда елдігімізді танытар игі бастамаларға қолдау білдіріп, берекелі бірлігімізді бекемдеу жолында жүйелі әрі үйлесімді жұмыс істеуде.

Еліміздегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратын Қазақстан Халқы Ассамблеясына биыл 30 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде Қазақстан Халқы Ассамблея-сы Қазақстандағы этностардың құқығын қорғап, олардың мәдениеті мен дәстүрлерін дамытуға үлкен үлес қосты. Ел ішіндегі тұрақтылық пен татулықтың сақталуы – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Ауданымызда көптеген түрлі ұлт өкілдері жергілікті халықпен етене араласып, тату, ынтымақта өмір сүріп, бірліктің үлгісін көрсетіп келеді.  Этномәдени орталықтар ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға үлес қосуда. Біздің әрқайсымыздың міндетіміз — бірлікті сақтау, дінаралық келісім мен бейбітшілікті нығайту ісіне өз үлесімізді қосу.

Ардақты ағайын!

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі еліміздің ынтымағын жарастырып, ырысын арттырсын, Отанымызға татулық пен өркендеу әкелсін.  Бір шаңырақтың астындағы көпұлтты халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болсын. Баршаңызға амандық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін.  Әрқашан бірлігіміз бекем болып, бейбіт елдің берекесі арта берсін!

Шаттық Мұсабеков,

аудандық мәслихат төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.