БАЛАЛАРДЫҢ БОЛАШАҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

0

Бүгін Саудакент ауылы, Б.Адамбаев атындағы тірек орта мектебінде аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өткізілді.

Аталған жиынға аудан прокурорының орынбасары, спорт және орта білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері, психолог-педагог мамандар қатысты.

Күн тәртібінде кәмелетке толмағандардың (түрлі санаттағы балалар) спорттық секциялар мен мәдени үйірмелерге тартылуы, олардың арасында деструктивті діни идеологияның алдын алу және аудандық мобильдік топтардың атқарған жұмысы туралы қаралып, комиссия төрағасы мен аудан прокурорының орынбасары тарапынан тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.