ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ЖАҢА ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Сарысу аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 наурыздағы №10-1-18 өкімімен Сарысу ауданының Қоғамдық кеңесі жаңа құраммен жасақталды.
Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы болып Қырғызбаев Сахарай Бөгенбайұлы тағайындалды.
Аудан әкімі Сәкен Мамытов жаңа төрағаны жаңа қызметімен құттықтап, «Жаңа құрамдағы Қоғамдық кеңес мүшелері аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін атқарушы органмен бірлесіп шешетіндеріңізге сенімдімін. Сіздер өз жұмыстарыңыз арқылы қоғамның дамуына ықпал етіп, халықтың аманатын ақтайтындарыңызға сенімім мол. Жаңа құрамға сәттілік тілеймін»,-деді. Сахарай Бөгенбайұлының қоғамдық істерде тәжірибесі мол. Ол бұған дейін 2021 — 2024 жылдары Жаңатас қаласының Билер кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеген. Қай салада қызмет атқарса да Сарысу ауданының экономикасын көтеруде, жас ұрпаққа тәрбие беруде еңбек етіп, тер төгіп, өз үлесін қосып келеді.
Кеңес төрағасы Сахарай Бөгенбайұлы кеңес мүшелеріне сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріне алғысын жеткізді. Алдағы уақытта бірлесе жұмыс атқаратындығын және бекітілген жаңа құрамның жұмысына сәттілік тіледі.
Сәулет Есқараев, «Sarysý»