АЛҚА БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Мемлекет басшысы елімізде билер институтын құрып, ел арасындағы түйткілді мәселелерді оңтайлы шешудің тетіктерін қарастыруды тапсырған болатын.
Ауданымызда 2019 жылдан бері 5 азаматтан құралған аудандық алқа билер кеңесі жұмыс атқарып келеді.
Аталмыш кеңестің құрамына әр салада беделді жұмыс атқарған ел ағалары кірген. Алқа билер жұмысының басым бағыты қоғамдағы сан түрлі дау-дамайлардың алдын алып, сотқа жеткізбей шешіп, дауласқан тараптарды мәмілеге келтіру, мәселенің оң шешімін табуға көмек беру. Осыған орай өткен аптада аудан әкімі Сәкен Мамытов аудандық алқа билер кеңесінің мүшелерімен кездесті.
Кездесуде аудандық алқа билер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов жыл басынан бері атқарған жұмыстарына тоқталды.
— Ынтымақты елде ырыс көп, бірлігі бекем елдің берекесі мол болады. Азаматтық, қоғамдық бірліктің қағидаты негізінде қазақстандық бірегейлікті жетілдіру мақсатында құрылған болатынбыз. Осы уақытқа дейін билер кеңесі ауқымды жиындар өткізіп, аудандық сотқа түскен әкімшілік құқық бұзу ісін, азаматтық неке бұзу ісін және дау-дамайларды қарады. Әр істі мұқият талқылап, жанжалдасқан екі жақты татуластыруға барынша жұмыс жасап келеміз. Ең бас-ты міндетіміз ел тыныштығын сақтау, халықты татулық және ынтымақ- бірлікке шақыру,-деді.
Жиында сөз алған аудан әкімі С.Мамытов :
-Қазақ халқы ежелден аузы дуалы ақсақалдың сөзіне тоқтап, байсалды шешімге келіп, байыпты қадам басқан. Соның жалғасындай қалалық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған билер кеңесі бүгінде белсенді жұмыс жасап, бірқатар маңызды мәселелерді шешуде ауқымды жұмыс атқаруда. Қоғамның алға басуы үшін елдің татулығы маңызды. Бұл бәрімізге ортақ міндет. Дауласқан тараптардың мәселесін сотқа дейін жеткізбей, ушықтырмай, дер кезінде алдын алып, бейбіт келісімге келтіруде қоғамға мүмкіндіктеріңізге қарай көмек көрсетіп келесіздер. Алдағы уақытта да туындаған мәселелерді бірге шешетін боламыз, — деп аудан басшысы кеңес мүшелерінің ұсыныс- пікірлерін тыңдады.
Тўрєындар ўсынысы назарда
Аудан әкімі Сәкен Мамытов тұрғындармен жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізіп, көкейде жүрген мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу және өзге де жеке мәселелерді көтерді.
Қабылдау барысында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, жұмыс жүргізілетіндігі айтылды.
Көтерілген кейбір мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеп, мәселелерді басты назарда ұстауды тапсырды.
Сәулет есқараев,
«SARYSÝ»