СЕНБІЛІККЕ СЕРПІН БЕРЕЙІК

0

Сарысу ауданы көлемінде қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру жұмыстары бойынша көктемдегі екі айлық өткізу және «TazaLike» акциясын өткізу іс-шара жоспары  бойынша,  Жаңатас қаласында  «Жасыл қала» акциясы және елді мекендерде «Таза жағалау» акциясы белгіленген бойынша көктемгі абаттандыру, санитариалық тазалық және сыртқы безендіру жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстары барысында аудан әкімдігінің барлық мекеме ұжымдары талдарды, шыршаларды отырғызып, өздеріне белгіленген жерлерді тазалады. Сонымен қатар, арықтардың іштері тазаланып, бордюрлер, талдардың түптері әктелді.

Оның ішінде, Жаңатас қаласы бойынша мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар, барлығы – 401 адам қатысты. Шығарылған күл-қоқыс – 2750 тонна, тазаланған аумақ-7180 м2,  тазаланған арық-300 шқ. Қатысқан мекемелер-дің саны- 45.

Ал, сенбілік жұмыстары ойдағыдай атқарылып, тұрғындар тарапынан жолдардағы арықтардың ішінде қара пакетке салынып тасталған қоқыстарды, шашылып жатқан қағаздарды көріп, көңіліміз су сепкендей басылғандай болды. Үйден шыққан қоқыстарды белгіленген орынға апарып тастаса, нұр үстіне нұр болар еді. Қаланың тазалығы бәрімізге ортақ екендігін ұмытпағанымыз абзал.

Байқадам ауылдық округі

Жоспарға сәйкес ауыл ішіндегі қоғамдық орындарды, көшелерді тазалау мақсатында әр сенбі сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, барлық мекемелердің ауласы, көше бойлары қоқыстардан тазартылды. Белгіленбеген орындарға қоқыс және құрылыс материалдарының қалдықтарын төккен азаматтарға ескертулер беріліп, орындалуы бақылауға алынды.

Жиналған қоқыстар «МТЗ-80» тракторымен арнайы орындарға шығарылды.

Сонымен қатар  ауылдық округте орналасқан (Шоқай датқа кесенесі, Ы.Дүкенұлы мемориалдық ескерткіші, Көлтөбе, Ынталы су каналы, Қуғын-сүргін ескерткіші және Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіштерге) т.б. барлығына санитарлық тазалық  жұмыстары жүргізілді.

Ауылдык округ бойынша  38 көшенің  34 көшесінде  түнгі жарық орнатылған. Қазіргі таңда  3 саябақ, Саудакент – Жаңатас тас жолы бойындағы көпір үстінде толық жарықтар жанып тұр. Ал,  түнгі жарықтың жалпы саны – 534. Алдыңғы аптада қатты жел салдарынан біршама көше жарықтары өшіп, қайта қалпына келтірілді.

Сонымен қатар  ауылдық округке қарасты арықтарға су әкелу бойынша,  Көлтөбе каналы толық тазаланды. Саудакент – Жаңатас тас жол бойында 1000 түп қара тал отырғызылып, қоршау жұмыстары жүргізілді.

Досбол ауылдық округі

Республикалық «Tazalike» акциясына орай бекітілген іс-шара жоспарының «Таза жағалау» акциясын өткізу бойынша ауылдық округте Талас өзені жағалауына  0,7 шақырым аумаққа тазалық жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округіне қарасты 7 көшеге толық тазалау жұмыстары атқарылып, жиналған 2,3 тонна күл-қоқыс арнайы белгіленген орынға төгілді. Сенбілікке 43 адам қатысып, Шағалалы ауылындағы «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабына 500 түп тал отырғызылды.

Жаңаталап ауылдық округі

Тазалық айлығы аясында мекеме аулаларындағы күл-қоқыстарды, көше бойларындағы кездейсоқ күл-қоқыстарды тазарту жұмыстары жүргізіліп келеді.  Сонымен қатар «Taza Like» акциясы аясында Жаңаталап-Саудакент бағытындағы жол бойында орналасқан «Жасыл белдеу» қорғаныш алқабына 1620 түп қара тал көшеттері, Ұйым ауылы «Саудакент-Тараз бағытындағы жол бойында орналасқан («Жасыл белдеу» қорғаныш алқабына 100 түп қара тал көшеттері және мекеме аулаларына 50 түп декеративті тал көшеттері отырғызылды.

Камели Сүлейменова,

«Sarysý»

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.