АУДАН ӘКІМІ С.МАМЫТОВТЫҢ аудан жұртшылығын Наурыз мерекесімен құттықтауы

0

Қадірменді сарысулықтар!

Ардақты ағайын!

Барша аудан жұртшылығын ежелден жаңару мен жасам-паздықтың бастауы болған, күн мен түннің теңелетін, жер-дүниенің көктеп-көгеретін, күл-лі тіршілік атаулының қайта түлеп-жаңаратын, айналасына шуағын шаша келетін науша-Нау-рыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жыл басы болып келетін Өз-Наурыз мейрамы  халқымыздың рухани жан дүниесін байыта түсері сөзсіз. Өйткені, барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ізгілікке, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін Ұлыстың Ұлы күнінің ұлтымыз үшін маңызы айрықша.

Бүгінде Әз-Наурыз мерекесі ару Алтайдан әсем Алатауға, қазыналы Қаратаудан қарт Кас-пиге дейін созылып жатқан байтақ еліміздің дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосып отырған ел бірлігінің жарқын үлгісіне айналды. Сондай-ақ, халқымыз бен барша мұсылман баласы биылғы Наурыз мерекесін қастерлі Ораза айы үстінде қарсы алып отыр.

Бүгінде бұл мейрам ұрпақтар сабақтастығының және халқы-мыздың салт-дәстүрі мен мәдениетінің  символындай биікке көтерілді. Өйткені, Әз-Наурыз – ынтымақ пен берекенің, тәрбие мен тазалықтың, еңбек пен өнердің үкілі мерекесіне айналды.

Жаңаша сипатқа ие болған ұлтымыздың ұлық мерекесі Наурыз бүгінде еліміздегі ең үлкен жалпыхалықтық мереке биігіне көтеріліп қана қоймай, халықаралық статусқа да ие болды. Өйткені, қазіргі таңда ұлы өркениетімізден тамыр тартқан Ұлыстың Ұлы күнін –  әлем халықтары да бірге атап өтуде. Сондықтан да, Біріккен Ұлттар Ұйымының Наурызды халықаралық мереке ретінде қабылдауы да кездейсоқ емес.

Бүгінде сол қуанышы мол Нау-рыз мейрамы – ай бойы тойланатын еліміздегі ерекше мерекеге айналды. Әрбір күніне арнайы атаулар беріліп, ұлы құндылықтарымыз жаңарудың жаңа дәстүрлерімен сабақтас болып отыр.  Ертеңгі күннен жақсылық күтіп, көңілге үміт пен сенім ұялатар ізгі тілектермен өрнектелер Наурыз мейрамы құт пен береке, ырыс пен дәулет алып келсін. Шаңырақтарыңыз шаттыққа толып, еңбектеріңіз жемісті болсын! Жандарыңыздан жылылық, жүздеріңізден шуақ кетпесін! Дендеріңіздің саулығы осы дүниелерге тірек болсын!

Әз-Наурыз ұрпақ мерекесіне айналсын!

Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!

 

Аќ мол болсын, жыл ырысты болсын

Қадірлі жерлестер!       

Баршаңызды еңбек пен бірліктің, татулықтың бастауы болып саналатын тамаша мереке — Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні, қазақ даласына шуағын шашып келгенде бүкіл тіршілік атаулыға жан бітіп, ерекше күйге енеді.

Тамыры тереңге кеткен Әз-Наурыз қай кезде де еңсесі биік елдіктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі. Табиғаттың көктемгі жаңару кезеңі, молшылық, ізгілік пен жақсылықтың нышаны.  Наурыз – халқымыздың тірлігі мен берекесінің көрінісі,  биік рухымыздың, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің, салт-дәс-түріміздің өзегі.

Ұлыстың Ұлы күні – көңілде кірбің қалмай қауышатын, түсіністікпен табысатын күн. Тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз                қуанышқа кенелтер ұлы мереке. Наурыз – ежелден келе жатқан мейрам. Шуақты мерекеде тал көшеттері егіліп,  бұлақ көзі ашылатын болған.

Биылғы Ұлыстың ұлы күні еліміз үшін ерекше күн. Себебі, Қасиетті Рамазан айымен тұспа — тұс келіп отыр. Дұға-тілектердің қабыл болып, жақсылықтарға айқара есік ашқан мың айдан да қайырлы айдың Наурыз мерекесімен қатар келуі елімізге ырыс пен бақ сыйлайтыны сөзсіз.

Құрметті аудан тұрғындары!

Жер — жаһанға тіршілік нәрін сеуіп, ару көктеммен бірге келген жарқын мерекеміз — Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құтты болсын.

Сіздерді осынау рухани құндылықтарға толы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, жанұяларыңызға амандық тілеймін. Ежелден жаңару мен жасампаздықтың бастауы болған Әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін.

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті Наурыз мерекесі еліміз-ге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, молшылық әкелсін.

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ш.Мұсабеков,

аудандық мәслихаттың төрағасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.