ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ОЙ-ПІКІРІН ТЫҢДАДЫ
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ «ӘКІМДЕРДІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ» ЖАРЛЫҒЫНА СӘЙКЕС, БАРЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ӘКІМДЕРДІҢ 2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚПЕН ТҰРАҚТЫ КЕЗДЕСУЛЕРІНІҢ КҮНТІЗБЕСІ БЕКІТІЛГЕН.
Осыған орай, апта ішінде ауданымыздың қара шаңырағы Саудакент ауылындағы мәдениет үйінде аудан әкімі Сәкен Мамытовтың 2024 жылдың қорытындысы бойынша халық алдындағы есеп беру жиыны өтті.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасары, аудандық ардагерлер, алқа билер кеңесінің төрағалары, мекеме, кәсіпорын басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.
Жиында аудан басшысы ауданымыздың өткен 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық салаларының дамуында атқарылған жұмыстар мен биылғы жылы атқарылатын негізгі міндеттер туралы баяндады.
-Ауылдық округте «Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша несие алуға ниет білдірген 13 азаматтың жобасы ұсынылды. Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік коорпарациясына 11 азаматтың құжаттары өткізіліп, 8 азамат несиесін алды. 2 азамат құжаттарын жинақтауда.
«Жомарт жүрек» жобасы аясында Саудакент ауылының жас-тары Майлыбай мешітінің жанынан діни рәсімдер өткізуге арналған ауыз ашар, ас беру шараларын жүргізу үшін тамақтану орнын салып берді. Биылғы жылға жарықтандыру жұмыстары бойынша, А.Байтұрсынов, Әйтеке би, Ш.Құдайбердиев және М.Жұмабаев көшелеріне түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Ауыл орталығында орналасқан кіші футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ы.Алтынсарин көшесінің бойына абаттандыру жұмыстарымен осы көшенің бойына волейбол ойын алаңшасы салынды. Жастар стадион иесінен «QazaqSoda» компаниясының демеушілік есебінен стадион Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының теңгеріміне алынды,- деді.
Сондай-ақ, өткен есептік жиында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу жолдарын тілге тиек етті. Кездесуде ауыл тұрғындары Шоқай датқа кесенесінің алдындағы жолға жол белгілерін орнатуды, балалар ойнайтын алаңшаны салу, ардагерлерге шахмат, дойбы ойнайтын орталық ашып беруді, Ынталы каналына барар жолды жөндеуді және каналға құрылыс жұмыстарын жүргізетін компанияға сапалы жүргізуді тапсыру, Ықылас Дүкенұлы кесенесіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді, Саудакент емханасының ішкі жолдарын жөндеу керектігін айтты.
Аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша Заң аясында жауап беріп, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар жүктеді. Айтылған мәселелер бойынша Заң аясында жауап беріп, жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.
Сонымен бірге айтылған ұсыныс-пікірлердің назардан тыс қалмай ескеріле отырып, жұмыс барысында назарда болатынын жеткізді.
Ауыл тұрғындары табыс-ты атқарылған жұмыстарға оң бағаларын беріп, аудан әкімінің алда атқарылатын жұмысына сәттілік тіледі.
Жиын соңында аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады.
Одан кейін аудан әкімі С.Мамытов Жаңаталап ауылында-ғы клуб үйінде тұрғындармен кездесу жиынын өткізді.
Кездесу барысында аудан басшысы атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарларына жан-жақты тоқталып өтті.
— Тұрақты әлеуметтік — экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – біздің маңызды міндетіміз болып табылады. Жаңаталап ауылдық округінде оң өзгерістер бар. Ауданымызда ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Ауданымыз бұрыннан мал өсіріп, егін егуді негізгі кәсіп түрі еткен. Бүгінде ауданымызда 1 647 шаруа қожалық тіркеліп, оның 1 528 белсенді жұмыс атқаруда. Шаруашылықтарға кәсіптерін жүргізу үшін 533 442 мың гектар жайылымдық, 34 230 гектар шабындық және 25 031 гектар егістік жерлері берілген.
2024 жылы егістік алқаптарының 24 235,6 гектарына дақылдар егіліп, 96,8% игерілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылда атқарылатын жұмыстарға тоқталсам, ағымдағы жылы аудандық бюджеттен Жаңаталап ауылына балалар ойын алаңшасы орнатылады және ауылдағы жасыл белдеулерді суару үшін 5 құдық қазылады. Сонымен қатар, Ұйым ауылындағы Б.Сағынтаев көшесінде абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, яғни мерекелік шаралар өткізілетін арнайы орын жасалады және мал емдеуге арналған орын (роскол) соғылады.
Бұдан бөлек, Жаңаталап және Ұйым ауылдарына екі волейбол ойын алаңшасын салу және балалар ойын алаңшасын жөндеуден өткізу жобалары дайын, тиісті жұмыстар атқарылатын болады, — деді.
Сонымен қатар аудан көлемінде және шалғайдағы ауылдардың тыныс-тіршілігіне қатысты есепті мерзім ішінде жүзеге асқан оң істерге, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына, сондай-ақ алдағы міндеттер мен шешімін күткен түйінді мәселелерге кеңінен тоқталды. Сондай-ақ өткен есептік кезеңде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің шешілу барысына тоқталды.
Жиын соңында ауыл тұрғында-ры атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі. Жиын соңында Сәкен Үмбетұлы азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Сәулет есқараев,
«Sarysý»