Бағдарламаның жемісін көріп отырған ауыл
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімі Сәкен Мамытов ынтымақ-бірлігі жарасқан көсегеннің көк жонындағы Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды ауылының тұрғындарымен кездесті.
Есептік жиында сөз сөйлеген аудан басшысы: — 2025 жылдың алғашқы жарты жылдығының қорытындысын баяндауға, Сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдау үшін Түркістан ауылдық округіне келіп отырмыз. Аудан халқының берекелі бірлігі мен тынымсыз тірліктерінің арқасында өңірдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси бағыттары жыл санап қарышты дамып келеді.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауыл аймақтарды көгалдандыру мақсатында Ә.Бүркітбаев ауылына «жасыл белдеу» қорғаныс алқабы орнатылуда. Қоғамдық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету мақсатында Ә. Бүркітбаев ауылындағы Ералиев көшесіндегі саябаққа және «Ардагерлер» саябағына заманауи бейнебақылау камералары орнатылды. Ауыл аймақтарды абаттандыру мақсатында «Туған өлкем-Түркістан» саябағының қоршау жұмыстары жүргізілуде. Қаратас ауылына балалардың ойнауына арналған кіші футбол алаңы құрылысы басталатын болады. Ветеринарлық-санитариялық тұрақтылықты қамтамасыз ету, мал ауруларының алдын алу және кенеге қарсы залалсыздындыру жұмыстарының эффектісін күшейту мақсатында Ә.Бүркітбаев мал емдеуге арналған раскол мен шомылдыруға арналған купканың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 29 млн.теңге несие қаржысы беріліп, Ә.Бүркітбаев ауылында жаңа наубайхана ашылды. Жобаның жалпы құны 50 млн. теңге. Нәтижесінде жаңадан 5 жаңа жұмыс орны ашылып, қазіргі таңда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Бұл мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесінің айқын көрінісі.
Демеушілер тарапынан Ә.Бүркітбаев ауылына кіре беріс тұстан балаларға арналған жазғы шомылу орны (бассейн) соғылды. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындары да аталған шомылу орнында демалуда. Ауылдық округте алдағы жоспарлар айқын. Жаңатас қаласы мен Ә. Бүркітбаев ауылы арасындағы жаңадан салынған автокөлік жолымен өндіріс компанияларының ауыр жүк көліктері жүруінен бұзылуына байланысты, жүк көліктерінің жүруіне заң аясында шектеу қою, Арыстанды және Үшбас ауылдарындағы ескірген электр бағаналарын ауыстыру жөнінде ұсыныс енгізу, Әшір Бүркітбаев ауылындағы Үшбас ауылына шығатын тұстағы аялдаманы қайта жөндеу және Аққырқа төбесіндегі жолаушыларға арналған әжетхананы жөндеу немесе жаңадан салу мәселелері бойынша білдірілген пікірлерге аудан басшысы оң шешімін табатын болады,-деп алдағы атқарылатын оң істерге тұрғындарды бірігіп атсалысуға шақырды.
Кездесуде ауыл тұрғындары аудан әкімінің жұмысына оң бағасын беріп, ауылдың көркеюіне жасап жатқан еңбегіне алғыстарын білдірді.
Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов ауылдың дамуына қосып жүрген үлесі үшін ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшелерін «Ауданның Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапаттап, ауылдың қадірлі қарияларына ұзақ ғұмыр тіледі.