ОЙ ШЕБЕРЛІГІ

0

мемлекет басшысы: «Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз. Тәуелсіздік кезеңінде елімізде кітапхана ісі кенжелеп қалды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран уақытта мыңдаған кітапхана жабылды. Миллиондаған кітап қорынан айырылдық. Соңғы жылдары жағдайды түзеу үшін әрекет жасалып жатыр. Кітапхана – мемлекеттің, ұлттың негізгі жады. Еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталады. Сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайды»

деген болатын.

Жамбыл облысы әкімі Е.Қарашөкеевтің бастамасымен  2025 жыл Жамбыл облысында «Кітап оқу жылы»деп белгілеген болатын. Осыған орай  «Әулиеата-кітап оқитын өңір» атты жобасы аясында «Ой шеберлігі» зияткерлік ойыны өтті. Зияткерлік ойынға облысымыздың мектептерінен 90 мектептің оқушылары қатысты.

6 кезеңнен құралған сайыста оқушылар Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша», «Қызыл Жебе», «Бір кем дүние», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Күләш Ахметованың өлеңдер жинағынан, тағы да басқа киелі Әулиеата өңірінің көрнекті тұлғаларының, танымал жазушы мен ақындардың шығармаларына қатысты сұрақтар бойынша білімдері сыналды. Ауданымыздан барған Мұхтар Әуезов атындағы  мектеп-гимназиясының оқушылары  жүзден жүйрік шығып, 1-орынды қанжығасына байлады.

«Ат өнері білінбес, бәйгеге түсіп жарыс-пай» демекші аламан  бәйгеде   оза шапқан шәкірттерді тілге тиек етсек-Нұрмахан Асқар, Мұхтарқызы Жансая, Марат Торғын, Жақсылық Айша. Оқушыларға білім қоржындарың оқыған кітаптарға тола берсін демекпіз. Сондай-ақ жан-жақты қолдау көрсеткен мектеп директоры К.Сәрсековаға,  оқушылардың жетекшілері Гүлжамила Тұрлыбекова, Әсел Иманқұловаға алдағы өтетін гранд финалда жеңіс тілейміз.

Сәулет есқараев,

«Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.