АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ-МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аударылуда.
Қызмет алушының өтінішін қарау барысында Департаментпен «ҚР азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызметінің сапасыз көрсетілгендігі анықталды.
Жекелей алғанда, Жамбыл ауданының тұрғыны іс жүзінде тұрмайтын басқа мекенжайға тіркелген.
Департаментпен өтінішті қарау барысында азамат уәкілетті органға бірнеше рет жүгінгендігімен, оған тіркеуді ауыстыру туралы нақты себептерді көрсетпей, тіркеу мекенжайын өзгерту мүмкін еместігі туралы бастартулар орын алғандығы белгілі болды.
Көрсетілетін қызметтерді алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында, Департаментпен қызмет алушының бұзылған құқықтарын қалпына және тұрғылықты жері бойынша тіркеу деректерін ретке келтіруге бағытталған шараларды қабылдау қажеттігі жөнінде қызмет беруші органға хат жолданды.
Осылайша, Департамент ден қойғаннан кейін, қызмет алушыны нақты тұратын жері бойынша тіркеу жүргізіле отырып, құқықтары толық қалпына келтірілді.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтары бұзылған жағдайда, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8А мекенжайы немесе 8 (7262) 43-88-08 нөмірі бойынша, сондай-ақ «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласуға болады.
Өтініштер «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы беріледі.
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы
ЗАЩИТА ПРАВ ГРАЖДАН-ОДНА
ИЗ ОСНОВНЫХ ФУНКЦИЙ ГОСУДАРСТВА
Одним из приоритетных направлений деятельности Департамента Агентства РК по делам государственной службы по Жамбылской области является обеспечение качественного оказания государственных услуг населению. Особое внимание уделяется защите и восстановлении нрушенных прав услугополучателей.
В результате рассмотрения жалобы услугополучателя Департаментом установлены нарушения, выраженные в некачественном оказании государственной услуги «Регистрация по месту жительства граждан РК».
Так, житель села Жамбылского района был прописан по адресу, в котором фактически не проживает.
В ходе рассмотрения обращения Департамент установил, что гражданин неоднократно обращался с соответствующими заявлениями, на что получал отказы о невозможности изменения адреса прописки без указания конкретных причин.
В целях защиты прав и законных интересов услугополучателя, Департаментом услугодателю направлено письмо о необходимости принятия мер по устранению некорректных данных относительно регистрации по месту жительства и восстановления нарушенных прав услугополучателя.
Таким образом, после реагирования Департамента права услугополучателя полностью восстановлены с проведением регистрации по месту фактического проживания гражданина.
Напоминаем, что в случае необоснованного отказа в оказании государственной услуги и нарушения законных прав, граждане могут обратиться в Департамент Агентства РК по делам государственной службы по Жамбылской области по адресу: г.Тараз, пер.Рысбек батыра, 8А или позвонить по номеру 8(7262)438808, а также связаться через Телеграм-канал «08.Onay.qyzmet».
Подать обращение также можно через Единую платформу приема и обработки всех обращений граждан «E-otinish».
Р.Шарипов, руководитель Департамента Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по
Жамбылской области