ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АТАП ӨТІЛДІ

0

Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осыған орай Жамбыл облысының мәслихатының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев қатысып, мәслихаттың өңір өміріндегі маңыздылығын атап өтті.

Облыс әкімі барлық шақырылымдағы депутаттардың еңбегін жоғары бағалап, жауапты жергілікті өкілді орган халық пен билік арасындағы алтын көпір қызметін жемісті атқарып келе жатқанын жеткізді. Бұдан соң бірлескен үйлесімді жұмыстың нәтижелеріне қысқаша тоқталды.

Жыл соңына дейін жамбылдықтарды ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін 98,1 пайызға, табиғи газбен қамтамасыз ету көрсеткішін 91,3 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда.

Облыста 16,5 шақырым жаңа жол салынды, 3 шақырым жол қайта жаңартылып, 1 көпірдің құрылысы жүруде. 500 шақырымға жуық жол орташа жөндеуден өтті. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 99 пайызға, көше жолдары желісі 87 пайызға жетті.

Өңірде 36 білім беру нысанының құрылысы қарқын алған. Жыл соңына дейін 15 нысанды пайдалануға беру жос-парланып, бүгінге дейін 10 нысан балалар игілігіне берілді. Сонымен бірге 2 жайлы мектеп ашылып, 10 нысан күрделі жөндеуден өтті. 10 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға тапсырылды (жоспар — 26 нысан). 33 санитариялық автокөлік сатып алынды.

69 спорт алаңы (жоспар — 74) ашылып, 4 дене шынықтыру сауықтыру кешені іске қосылды.

16 мәдениет нысанының құрылысы жүргізілсе, оның үшеуі халық игілігіне тапсырылды.

577,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 79 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, 26 үйдің ауласына ойын алаңдары салынды.

Салтанатты шарада облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев, Мойынқұм аудандық мәслихатының депутаты Бағлан Жүнісбеков мерейтойға орай ізгі тілектерін білдірді.

Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына орай бірқатар мәслихат ардагері мен халық қалаулысына «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, облыс әкімінің Құрмет грамотасы, сондай-ақ түрлі мерекелік марапаттар салтанатты түрде табысталды.

Мерекелік кеш К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы әртістерінің концерттік бағарламасымен қорытындыланды.

Жамбыл облысы әкімінің

баспасөз қызметі

Жамбыл облысында медицина мекемелеріне

20 жаѕа автокґлік табысталды

Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында өңірдегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 20 санитарлық автокөлік табысталды. Ағымдағы жыл соңына дейін тағы 13 бірлік қызметтік көлік беріледі деп күтілуде.

Жамбыл облысының 85 жылдық мерейтойы қарсаңында өңірдегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына 20 санитарлық автокөлік табысталды. Ағымдағы жыл соңына дейін тағы 13 бірлік қызметтік көлік беріледі деп күтілуде.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, медицина қызметкерлерін құттықтап, саланың өркендеуіне жан-жақты қолдау көрсетіле беретінін айтты.

Санитарлық жедел жәрдем көліктері Байзақ ауданына (2), Жамбыл (3), Жуалы (3), Қордай (2) Т.Рысқұлов (3), Меркі (2), Сарысу (3), Талас (3), Мойынқұм (3), Шу (3), Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы және консультативтік диагностикалық орталығы мен облыстық медициналық орталықтарға 1 данадан табыс етілді.

Облыста бекітілген нормативке сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарын санитарлық автокөлікпен қамтамасыз ету қажеттілігі 272 бірлікті құрайды. Аудандық медициналық ұйымдардың теңгерімінде 235 бірлік санитарлық автокөлік бар, оның 112 – сі 100% тозған. Осы мәселені ескере отырып, тозығы жеткен автокөліктерді кезең-кезеңімен жаңарту бағытында тиісті шаралар атқарылуда.

Айта кетейік, биыл өңірдің медицина саласында ауқымды жобалар жүзеге асуда.

Мәселен, өткен жылы 24 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 10-ы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында іске асты. 11 нысан күрделі жөндеуден өтті.

Сондай-ақ биыл Ұлттық жоба аясында 3 медициналық-санитарлық нысан пайдалануға берілді.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.