ЖЕҢІМПАЗ КЕНШІЛЕР
Спорт-ең алдымен денсаулық, бәсеке, ұжымдық бірлік. Ал, жеңіске деген ұмтылыс адамды алға жетелеп, аянбай еңбек етуге, үнемі алға ұмтылуға, үйренуге, тер төгуге, алға қойған мақсаттарына жетуге баулиды.
Сонымен қатар спорт мәртебесі бәсекеге қабілетті болуға үндейтін нағыз тәрбие көзі. Ең бастысы спорт — бейбіт бәсеке және спорт-саясат, елдің елдігін, ердің ерлігін, рухтың биіктігімен ұлттар достастығын айғақтайтын нышан. Ел спортын дамытуға ерекше көңіл бөліп, біздің спортшыларымызға, байрақты бәсекенің төресі-олимпиадаларға жанкүйер болып баратыны көп нәрсені аңғартады. Қазіргі заманда жоғарғы нәтижеге жету үшін, ғылымды спортпен ұштастыра білу керек. Сонда ғана топ алдында сайысқа түсуге бел байлап, жемісті жүлдеден үміт күтесің.
Ауданымыздың дамуына зор үлес қосып жүрген «Қазфосфат» ЖШС спортты жанына серік еткен қызметкерлерімен мақтанады. Жуырда Тараз қаласында «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды. Аталмыш сайысқа ауданымыздан қатысқан кеншілер спорттың футзал түрінен жігіттер қарсылас шақ келтірмеді. Алғашқы ойында Офис Тараз командасын 6 : 2 есебімен тізе бүктірсе, ЖТК Тараз командасынан 2:1 есебімен басым түсті. Келесі кезеңде Қаратау командасымен өткен тартысты ойында 3:2 есебімен жеңсе, ЗМУ Тараз командасынан 4:2 есебімен айласын асырып, турнирдің жеңімпазы атанды. Ал, қыздар командасы үстел теннисінен жүзден жүйрік шығып, алтыннан алқа тақты. Әсіресе кәсіпорын қызметкері Ардақ Түсіпбекова теннис-тен қарсыласқа бір ұпай да бергізбей таза жеңіске жетіп, биіктен көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар, медальдар, кубок пен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Ауданымыздың атын асқақтатқан қызметкерлерге сәттілік