АУДАН ӘКІМІ С.МАМЫТОВТЫҢ 15 ҚАРАША ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА-ТЕҢГЕ КҮНІМЕН ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ
Құрметті қаржы саласының қызмет-керлері! Қадірменді сала ардагерлері!
Сіздерді 15 қараша Ұлттық валюта — Теңге күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осыдан 31 жыл бұрын, 1993 жылы қарашаның 15-і күні ұлттық валюта – Теңге қаржы нарығына айналымға енді. Бұл күні төл теңгеміздің туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді.
Осы күні мемлекетіміздің мәртебесі тағы бір дәлелденіп, абыройымыз асқақтап, еліміз төл теңгені қолына ұстады.
Мемлекеттің дәйекті де сындарлы саясатының арқасында ұлттық волюта егемендіктің символына айналып, тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайта түсті. Бүгінгі таңда Теңге өзінің мәртебесін сақтап, Қазақстанның қуаттылығын нығайтуға өз үлесін қосып келеді.
Қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігінің арқасында маңызды жобалар жүзеге асырылып, сала мамандары елдің дамуына өзіндік үлестерін қосуда.
Мемлекеттің қаржысын дер кезінде жинап, тиімді пайдаланып, мемлекеттің экономикасының дамуына жұмыс жасау – қаржыгерлердің негізі міндеті.
Бүгінде осы салада еңбек етіп жүрген қаржыгерлер ауданымыздың дамуына өз үлестерін қосуда. Сала қызметкерлерімен қатар ардагерлердің де еңбегін атап өткен жөн. Қаржы ардагерлерінің қажырлы еңбегінің нәтижесінде аудан экономикасы дамып, тұрақты өсім қалыптасты, даму көрсеткіштері артты.
Ауданның қаржы саласының дамуына өзіндік үлесін қосқан қаржы ардагерлерінің еңбегі көпке үлгі.
Осындай нәтижелі жұмысты жалғастырып келе жатқан бүгінгі қаржыгерлерге де ризашылығымды білдіремін.
Баршаңызды осынау мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, зор денсаулық, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.
Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
ұлттық теңге-ұлттық мақтанышымыз!
Құрметті қаржы саласының қызмет-керлері мен ардагерлері!
Сіздерді Ұлттық валюта — теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлттық валютамыз теңге мемлекетіміздің тарихында маңызды рөл атқарады. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі біздің негізгі жетістігіміздің бірі ұлттық валюта — теңгенің пайда болуы. Өзінің дизайны жөнінен дүниежүзіндегі мықты валюталардың бірі болып есептеледі. 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта — теңгенің айналымға енуі атаулы күндердің біріне, теңге — мемлекетіміздің басты нышанына айналды. Ұлттық валютаның дамуы қысқа мерзімде — бір жылдың ішінде жасалды. Соған қарамастан, теңгенің сапасы жоғары. Бүгінде теңге ұлттық валюта ретінде елімізде берік орныққан. Төл теңгеміздің енгізілуі тәуелсіз елімізді нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болып, ұлттық нарықтық инфрақұрылымының қалыптасуына, өзіндік қаржы-несиелік және бюджеттік-салық саясатының жүзеге асырылуына жол бастады.
Ел экономикасын дамыту жолы қаржы жүйесімен тығыз байланысты. Республикамыздың қаржылық жүйесі ширек ғасырдан астам уақытта қалыптасу және халықаралық қаржы институттарына танылу кезеңдерін өткерді. Қаржы ісі ерекше әзірлікті, өмірлік тәжірибені, кәсіби өсімді, шынайылықты қажет етеді. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы, бюджеттік саясаттың тиімділігі, тың жобаларды іске қосу жолында сәттілікке бастайды. Қаржыгерлер еліміздің қаржы саясатын іске асыруда аянбай қызмет етіп келеді, ең негізгі міндеттерінің бірі — мемлекеттің қаржысын дер кезінде тиімді жоспарлап, мақсатты пайдаланып, игеріп, ел экономикасының дамуына жұмыс атқару.
Бүгінде осы салада еңбек етіп жүрген қаржы мекемелерінің тәжірибелі, өз ісіне берік, білікті қызметкерлері ауданымыздың дамуына, толағай табысқа бастайтын істерді жүзеге асыруға осындай қомақты өз үлесін қосуда. Тынымсыз еңбектің нәтижесінде ауданымыздың экономикасы үдемелі дамып келе жатқан өнеркәсіптің орталығы ретінде қалыптасып келеді. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін. Алдағы уақытта да ауданымыздың экономикасының әлеуетін арттыруға күш салады деп сенемін. Еңбектеріңіз табысты болып, қаржы саласында жаңа белестерге жете беріңіздер.
Ш.Мұсабеков,
аудандық мәслихаттың төрағасы