АЛҒЫС АРҚАЛАҒАН азамат

0

Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне айрықша  атсалысу —  шынайы патриотизмнің  белгісі.    Елім, жерім деп мақтану бір бөлек, кіндік қаның тамған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыру аса маңызды.

«Ер туған жеріне» дейді дана халқымыз. Туған жері үшін, кіндік қаны тамған ауылының гүлденіп, көркеюі үшін не бір игі істерді жасап, көптің алғысын алу да екінің бірінің қолынан келе бермесі анық.  Бүркітті және МЭЗ елді мекенінің тұрғындары редакциямызға хабарласып,  халық қалаулысы Жанбота Басиенің игілікті ісін айтып өтті.

Елді мекен тұрғыны Өмірзақ Айтбаев:

-Туған топырақты қастерлеу – қазақ халқының ата-бабадан жалғасқан салты. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деген дана халқымыз. Осы қағиданы ұстанған әр адам атамекен – алтын бесігін естен шығармай, оған өзін мәңгілік қарыздармын деп есептейтіні ақиқат.  Осы орайда, туған өлкеміздің өркендеуіне өздігінен үлес қосып жүрген азаматтар да  жоқ емес екені көңілді қуантады. «Sarysý» газеті арқылы   мәслихат депутаты Жанбота Басиеге тұрғындар тарапынан алғыс айтқымыз келді.  Жас болса да елдің қамын жеген баламыз  қысты күні елді мекен көшелеріндегі қарды өзінің техникасымен тазалап, жолды ашып,  көпбалалы отбасыларға және  ардагерлерге көмектесіп, игілікті іс атқаруда.  Сонымен қатар су шайған жерлерді техникасымен тегістеп берді. Тұрғындар тарапынан Жанбота баламызға алғысымызды білдіреміз,-деп отбасына амандық, деніне саулық, жұмысына табыс тіледі.

Иә, қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм – кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. 

Сәулет есқараев, «Sarysý»

Leave A Reply

Your email address will not be published.