МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТ

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадым.

Әр жылда халықтың асыға күтетін жолдауын тыңдайтын сәт те туды. Мемлекет басшысы өзекті мәселелерді қозғап, түйткілдің шешілу жолдарына да нақты тоқталды. Соның ішінде экологияға аса мән беруі көптің көңілінен шығады деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы Жолдауда  «Халықты экологиялық факторлардың жағымсыз әсерінен сақтау қажет. Бизнес өкілдері табиғатты қорғау ісіне зор жауапкершілікпен қарауы керек. Үкімет пен «Атамекен» палатасы осы бағытта нақты шаралар қабылдауға тиіс. Бұл салаға озық технологияларды кеңінен енгізу жұмысын жалғастыру қажет. Табиғатты ластайтын қалдықтарға мониторинг жасайтын озық жүйе ойдағыдай жұмыс істеуге тиіс.

Қазақстанның бірегей жануарлар және өсімдіктер әлемін сақтау мәселесі әрдайым өзекті болып қала бермек. Мемлекет алдағы уақытта да кең байтақ даламызды және орманымызды өрттен қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды.

Қазақстанның табиғаты өте бай және алуан түрлі. Алайда орман-тоғайлар жеріміздің 5 пайызын ғана алып жатыр. Табиғаттың әр алуандығын сақтау үшін біз орман алқаптарын көбейтуіміз қажет.  Бұл міндет еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін де өте маңызды. Мен Президент болып сайланған күннен бастап осы мәселеге ерекше мән беріп келемін.

Елімізді көгалдандыру жұмысының қарқыны жаман емес. Тоқтап қалмай, оны жалғастыру қажет. «Семей орманы» аясында орман тұқым бағы бар. Бұл – Орталық Азиядағы халықаралық озық талаптарға сай көшет өсіретін бірден-бір кешен. Осы жобаны басқа да орманды аймақтарда жүзеге асырған абзал.

Орман-тоғайды көбейту бүкіл елді жұмылдыратын нағыз халықтық идеяға айналуы керек. Сондықтан ел ішінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген жөн.» деді.

Иә,  адамзат үшін табиғаттың сан алуандылығы және оны таз қалпында ұстап қана қоймай, ары қарай жасыл-желекті көбейту өзіміздің қолымызда екенін айтқым келеді. Осы тұста, бір ғана мемлекеттің қолдауына қарап отырмай, әрбір тұрғын тал егіп, оның ары қарай өсіп-өркендеуіне үлес қосуға көпшілікті шақырамын.

Ж.Жұмаділдаев,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Маќсатымыз айќын

Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына өзінің дәстүрлі  “ Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Жолдауын жариялады.

Онда Парламенттің бір жылда атқарған жұмысына оң баға беріп, маңызды 102 заң қабылданғанын тілге тиек етті.

Сонымен бірге алдағы уақыттарда атқарылуға тиісті жұмыстардың бағдарын көрсетті.

Атап айтқанда: банктер туралы жаңа заң қабылдау; салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен бас тарту; 6- қазанда АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу; 2025 жылды- жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау; темір жол саласына реформа жүргізу; жол жөндеу жұмысында инновациялық заманауи әдіс- тәсілдерді қолдану; әлеуметтік қолдауды шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсету мақсатында “Әлеуметтік әмиян” жобасын енгізу; 2025 жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлауға көшу;

Ендігі біздің міндет Жолдауда көтерілген мәселелерді халық арасына түсіндіріп, насихаттау болып табылады.

Ұ.САЛИМОВА, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.