ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Апта ішінде аудан әкімі Сәкен Мамытов Түркістан ауылдық округіне қарасты Арыстанды ауылының тұрғындарымен 2024 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша есептік кездесуін өткізді.
Кездесуде аудан әкімі есепті кезеңде атқарылған және алдағы атқарылатын жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
— Түркістан ауылдық округіне аудандық бюджет есебінен 127,1 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнге тиісті жұмыстар атқарылуда.
Атап айтқанда, 14,3 млн.теңгеге Әшір Бүркітбаев ауылына шағын волейбол алаңшасы, 8,1 млн.теңгеге Үшбас ауылына балалар ойын алаңшасы салынған. 8,1 млн.теңгеге Арыстанды ауылына стрит-воркаут алаңшасы орнатылған. 885 мың теңгеге Ә.Бүркітбаев ауылындағы аялдамаға ағымдағы жөндеу жұмыстары, 6,4 млн. теңгеге ауылдық округ әкімшілігінің ғимаратына ағымдағы жөндеу жүргізілген. 2,3 млн. теңгеге ауылдық округ аумағы мен аулаларда кене, зиянды организмдерге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіліп, 2,3 млн.теңгеге Арыстанды және Үшбас ауылдарының кіре-беріс жолдарына жөндеу жүргізуге ЖСҚ-ы әзірленген.
Қазіргі таңда Ә.Бүркітбаев ауылындағы саябаққа абаттандыру жұмыстары, осы ауылға ангар типті спорт зал құрылысын салуға ЖСҚ-ы, Қаратас ауылына газ құбырын жүргізуге ЖСҚ-ы, Ә. Бүркітбаев ауылындағы Қамыр әулие, Бірлік, Алиев, Ә. Бүркітбаев көшелерін орта жөндеуден өткізуге ЖСҚ-ы әзірленуде. Сондай-ақ, ауылдық округтегі тұрғын үйлерге аншлагтар орнатылатын болады,-деп ақпан айындағы тұрғындармен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға, шешімін тапқан мәселелерге де тоқталды.
Жиын барысында тұрғындар жарыссөзге шығып, балабақша салу, қосымша білім беру мекемелерінің бөлімшесін ашу, Түркістан-Жаңатас арасындағы «Қазфосфат» ЖШС-не тиесілі жолды жөндеу сияқты мәселелер көтерілді.
Жиында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша аудан әкімі жауап беріп, айтылған ұсыныс- пікірлерге іс-шара жұмыстары жасақталып, жұмыстар жүргізілетіндігін айтып, бақылауға алу үшін жауапты тұлғаларға тапсырмалар жүктеді.
Ауыл тұрғындары есепті кезеңде ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.
Жаңаарықта
игі істер жүзеге асуда
Жаңаарық ауылдық округіне қарасты Ақтоғай ауылында аудан әкімі Сәкен Мамытов 2024 жылдың қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша есепті кездесу өткізді.
Есеп беру жиынына аудандық мәслихаттың төрағасы Ш.Мұсабеков, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық алқа билер кеңесі, аудандық қоғамдық кеңес төрағалары, тиісті сала және бөлім, мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері мен ауылдық округ тұрғындары қатысты.
Ақтоғай ауылында өткен есепті жиында аудан әкімі Сәкен Мамытов ауданда атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті.
Жаңаарық ауылдық округіне қарасты Ақтоғай ауылдық кітапханасы ғимаратын 15,0 млн.теңгеге сатып алынды. 16,5 млн. теңгеге Ұ. Сыздықбайұлы ауылындағы кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. 6,2 млн.теңгеге Ақтоғай ауылындағы жасыл белдеу қоршалып, 1,1 млн.теңгеге Ұ.Сыздықбайұлы мен Ақтоғай ауылдарына жол белгілері орнатылған. 2,3 млн.теңгеге ауылдық округ іші мен аулаларға кене, зиянкестерге қарсы залалсыздандырылған. Қазіргі таңда, Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы футбол алаңшасына ағымдағы жөндеу, осы ауылдағы монументке ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Ұ. Сыздықбайұлы ауылына ангар типтегі спорт кешенін салуға ЖСҚ-ы, Ұ.Сыздықбайұлы ауылындағы Р. Қабылұлы, А. Қосыбайұлы, Ақтоғай ауылындағы Шоқай датқа көшелерін орта жөндеуден өткізуге ЖСҚ-ы әзірленуде. Сонымен қатар, Сарысу ауданының шекарасындағы аркаға жарықтандырылған орнаменттер мен әріптер орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта Ақтоғай ауылындағы кітапханаға ағымдағы жөндеу жұмыстары және Ұ. Сыздықбайұлы ауылындағы ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады,-деп ақпан айындағы өткен есептік кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Кездесуде тұрғындар тарапынан клуб үйін және шағын спорт кешенін салу, газ құбыры жүргізілетін жолдардың жағдайын бақылауға алу сияқты мәселелер көтерілді.
Аудан әкімі қойылған сұрақтарға жауап беріп, шешілу жолдарын заң аясында қарастыратынын айтты. Жиын соңында тұрғындар ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға қанағаттанарлық деген жауабын берді. Сәкен Үмбетұлы көтерілген мәселелерге байланысты тиісті жауаптар беріп, бақылауда болатынын айтты.
Ауыл тұрғындары ауданда атқарылған жұмыстарға қанағаттанарлық деген бағасын берді.