ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту бағытында «Жемқорлықсыз болашақ» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы Жақсыбаев Өмірсерік, Сарысу АПБ ЖПҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Нұрланұлы Бекболат қатысты.
Аталған іс-шараның мақсаты: жемқорлыққа қарсы өзара іс-қимылды нығайту ісіне халықтың сенім деңгейін арттыру, «Сыбайлас-жемқорлық» деген ұғымды түсіндіріп, олардың зардаптарын жою және мүдделерді жауапқа тарту бүгінгі күннің ең басты міндеті екенін түсіндіру.
Басқосуда Байқадам ауылдық округі әкімі аппаратының бөлімше басшысы Жақсыбаев Өмірсерік пен Сарысу АПБ ЖПҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Нұрланұлы Бекболат ғасыр дертіне айналған сыбайлас жемқорлықтың салдары туралы, бұл ауыр індетті жою үшін күресті өзімізден, айналамыздан бастау керек екендігін, жемқорлықты жою үшін аянбай күресу — әрбір азаматтың азаматтық та, адамзаттық та парызы екендігін айтты. Іс-шараға қатысушылар бүгінгі күні өзекті болып отырған сыбайлас жемқорлық аясында өз ойларын ортаға салып, ой — пікірлерімен бөлісті.
Балалардың
терезеден құлауы
Балалардың терезеден құлауы: қайғылы жағдай болмас үшін не істеу керек: Қалада балалардың жарақат алуы мен өліміне әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі — терезеден құлау оқиғасы.
Терезедегі москиттік торларға сенбеу керек. Олар құлаудан сақтауға арналмаған. Керісінше, москиттік тор қайғылы жағдайдың орын алуына әкеліп соғады, балалар москиттік торларды қауіпсіз деп ойлайды және терезеге сүйенгендей сол торларға сүйенеді. Ең сапалы тордың өзі баланың салмағы мен қысымды көтере алмайды.
— егер балаңыз бөлмеде болса, терезені және қылтима есігін ашпаңыз;
— бала терезені өз еркімен аша алмау үшін терезеге арнайы бекіткіштер орнату қажет;
— балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз.
Бала-біздің басты байлығымыз. Абай болайық!
Сарысу ауданы Төтенше
жағдайлар бөлімі
Ќасаќылыќпен кїрес
«Сарысу ормандары және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі КММ» орман қоры аумағындағы заңсыз аңшылық жасау, ағаш кесу оқиғаларын болдырмау мақсатында орманды бақылау, қасақылықтың алдын алу жұмыстарын жыл он екі ай басты назарда ұстайды.
Адамзат баласы табиғаттың барлық жан-жануарына, қыбырлаған тіршілік иесіне, жауапты екенін іштей ұғынған абзал. Сонда ғана біздің елде табиғат анаға деген құрмет пен қалыптасқан саятшылық құру мәдениеті жаңа деңгейге көтеріледі. Олардың барлығы адамзат игілігі мен қамқорлығына қашан да мұқтаж екені бесенеден белгілі.
Құрметті аудан тұрғындары! Жазаның ауыр-жеңілі болса да, қылмыстың үлкен-кішісі болмайды. Қазіргі уақытта «Сарысу ормандары және жануарлар дүниесін қорғау КММ»-сінде 24 рейдтік іс-шара жүргізіліп, 25 заң бұзушылық анықталып. Оның ішінде 1 қызыл кітап, яғни 1 дана қарақұйрықты заңсыз аулаған азамат ұсталып, 4467320 тг мемлекетке шығыны келтіріп өтелді. Жергілікті тұрғындар тарапынан қоршаған ортаға келтірілген қандай да бір заң бұзушылық фактісі тіркеліп, дәлелденсе, арнайы заңда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жазаға тартылатындығын еске саламыз!
С.Баянды, «Сарысу ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі»
КММ-нің аңшылықтанушы маманы
Адам папиллома вирусы ќандай ауру?
Адам папиллома вирусы (АПВ) – өте кең таралған инфекция. Ғалымдар әлем халқының 30%-дан астамында АПВ бар екенін анықтады, бірақ көптеген адамдар бұл туралы білмейді, өйткені қоздырғыш ешқандай жолмен көрінбеуі мүмкін. Терінің қатерсіз түзілімдері егде жастағы адамдарда да, балаларда да болуы мүмкін, ал акрохордалар (жіп тәрізді папилломалар) зейнеткерлердің шамамен 50%-ында кездеседі (қолтық, шап, мойын және көз айналасындағы папилломалар). Папилломалардың пайда болуы себебі – адам папиллома вирусының бір немесе басқа штамдарымен зақымдануы. Ол жыныстық және тұрмыстық-байланыс қатынасы арқылы беріледі. Вирус денеге енгеннен кейін, вирус оның ішінде қалады, иммунитет төмендеген кезде мезгіл-мезгіл өзін көрсетеді. АПВ бар әйелдерде жатыр мойны обырының даму ықтималдығы АПВ жоқ әйелдерге қарағанда 6 есе жоғары.
Қазақстанда жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейінгі әйелдерде онкологиялық аурулардың таралуы бойынша екінші орында тұр. Қазақстанда 2024 жылдың 3 тоқсанынан бастап қыздарды вакцинациялау жоспарлануда. Адам папилломавирусына (АПВ) қарсы Вакцина Ұлттық егу күнтізбесіне енгізіледі, вакцинация 11 жастағы қыздарға балаларды вакцинациялауға ата-анасының келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Бұл жас ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалды, себебі 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тиімді, себебі тұрақты иммунитет қалыптасады.
Ең тиімді қорғану әдісі — вакцинация. Вакцинамен қорғануға болатын — жалғыз қатерлі ісік түрі – бұл жатыр мойны обыры. Халықаралық тәжірибеде жүзден астам елде, соның ішінде ұлдар арасында АПВ вакцинасы енгізілген. Бұл мемлекеттерде жатыр мойны обыры 90%-ға төмендеген.
С.Алибаева, Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Мемлекеттік
ќызмет кґрсету стандарттары
«Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-сі тарапынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (ЦОН) және бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес:
1) «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» (АПЗ) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
4) «Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары екендігін хабарлайды.
Ескерту: Барлық қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.
Байланыс телефоны: 8(72634)6-10-08.
«Сарысу ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» КММ-сі