«ЖАЙДАРМАН» ойыны өтті
Жастар — болашақтың алтын діңгегі, ел келешегіне бастар нақты істердің темірқазығы. Ал жастарды қолдау – мемлекеттің даму статусын жоғары көтеретін, әлемдік аренадағы еліміздің асқақ беделін айқын көрсете алатын жүйелі бағдар.
Ауданымызда жыл сайын 12 тамызда-Халықаралық Жастар күні атап өтіледі. Мерекеге орай, ауданымызда аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Сарысу ауданы әкімінің кубогі үшін» «ЖАЗҒЫ ФЕС-ТИВАЛЬ» жайдарман ойыны өтті.
Аталған шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, құттықтау сөз сөйледі:
-Жастар – қашанда асқақ арман мен үміттің, ар мен намыстың символы. Еліміздің болашағы білімді де білікті жастар. Елдің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен өркендеуі, жалпы бүгіні мен ертеңі жастарға байланысты.Олар қай кезде де, қай қоғамда да белсенді буын өкілдері. Сондықтан да жастар қоғамның қозғаушы күші әрі еліміздің дамуы үшін жауапты екені сөзсіз.
Біздің ауданымызда да жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылып, жастарға деген қамқорлық көрсетіліп келеді. Баршаңызды Жастар күні мерекесімен тағы да құттықтай отырып, зор денсаулық, толағай табыс пен бақ-береке тілеймін,-деп, жайдарман ойынына Шымкент, Тараз қалаларынан, Меркі ауданынан келіп қатысқан командаларға алғысын білдіріп, қатысушы барлық командаларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар ауданда жастар саясатын іске асыруда белсенді еңбек етіп, үздік жетістіктерге жетіп жүрген бір топ жастар аудан әкімінің, «Amanat» партиясы аудандық филиалының Алғыс хаттарымен, қаржылай және заттай сыйлықтарымен марапатталды.
«Сарысу ауданы әкімінің кубогі үшін» өткен сайысқа 7 команда қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлаған сайыстың нәтижесінде «Тараз — 2004» командасы бас жүлдені жеңіп алды. Ал, Меркі ауданынан келген «Меркурий» командасы 1-орынды қанжығасына байлады.Тараз қаласынан келген «Құмшағал» командасы 2-орынды иеленді. Шымкент қаласының «Бұйырса» және Жаңатас қаласының «Дегерес» командалары 3- орынды өзара бөлісті.
Жарыс соңында аудан әкімі Сәкен Мамытов, еңбек ардагері Сағындық Бегеев және «Аmanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев ұйым-дастырушыларға ризашылығын білдіріп, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегер командаларға және барлық қатысушы командаларды, үздік ойыншыларды арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтардың сертификатымен марапаттады. Сонымен қатар аудан әкімі С.Мамытов жарыстың кубогін арнайы бас жүлдені иеленген «Тараз — 2004» командасына тапсырды.
***
Саудакент ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жастар – елдің үкілі үміті» атты мерекелік кеш өтті.
Кешкі ашық аспан астындағы кеш «Айтұмар» тобының әсем биімен ашылды.
Сонымен қатар, зияткерлік сұрақ-жауап, спорттық жарыс-тар ұйымдастырылды. Саудакент ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары кең таралған танымал әндерді орындап, көпке позитивті көңіл-күй сыйлады. Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік кеш Мәди Таутаевтың орындауындағы «Сарысуым» әнімен қорытындыланып, соңы би кешіне ұласты.
Жеңімпаз
атанды
Ауданымыздағы мемлекеттік қызметшілер облыс, ауданаралық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінуде.
Өткен аптада Қаратау қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу орталығы мен Талас ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында кіші футболдан «JAMBYL QYZMET CUP» облыстық турнирі өткізілді.
Жарыста облысымыздың әр аудандарынан келген командалар бақ сынады. Аталған турнирге Сарысу ауданының мемлекеттік қызметшілерінен құралған команда қатысып, жүлделі 3-орынды қанжығаларына байлады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан арнайы бағалы сыйлықтар, медальдар және дипломдармен марапатталды.
Ынтымаєы жарасќан, туєан ґлкем
Елімізде тұратын ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту мақсатында өткен аптада аудандық кітапханада аудандық мәдениет үйінің және аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында «Ынтымағы жарасқан, туған өлкем — Қазақстан» атты кеш өтті.
Шараға аудандағы этно-мәдени орталық өкілдері қатысты.
Кеш өзбек этно-мәдени орталығының жетекшісі Дилбар Тілегенованың құттықтау сөзімен басталды.
Сонымен қатар әсем әндер айтылып, тақырыптық өлеңдер оқылды.
Сондай-ақ, «Қазақстан бірлік пен татулықтың мекені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.